
Өздеріңіз білетіндей, 2024 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланды.
Бір жыл ішінде ауданда еріктілер жылына орай жастар арасында 358 іс-шара өткізілді.
Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен «Жасыл Ел» бағдарламасын іске асыруға ауданда 20 млн.800 мың теңге бөлінді. Жазғы кезеңде барлығы 14 пен 34 жас аралығындағы (қоса алғанда) 170 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастырылған жастардың 90%-жоғары сынып оқушылары, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, Осакаров ауданының жұмыссыз жастары және әлеуметтік мәртебесі бар басқа да балалар.
Сонымен қатар, Осакаров ауданы әкімінің ауылда жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға арналған грантына 12 млн. теңге қаражат бөлініп 10 жобаға қолдауға ие болды, олар:
1) «Сұлулық салоны», Осакаровка кенті;
2) «Сұлулық салоны», Молодежный кенті;
3) «Жұмыртқа инкубациясы және Құс шаруашылығы», Есіл ауылы;
4) «Киім тігу және жөндеу бойынша тігін ательесін ұйымдастыру» Шұңқыркөл ауылында;
5) «Сүт өнімдерін өндіру», Батпақты ауылдық округі;
6) «Ағаштан жасалған бұйымдар цехы», Трудовой ауылы;
7) «Балалар мерекелерін ұйымдастыру», Осакаровка кенті;
8) ««Star kids» балалар ойын-сауық орталығының базасында батут орталығының ашылуы», Осакаровка кенті;
9) «ҚТҚ шығаруды және аумақты және халықтан санитарлық тазартуды ұйымдастыру», Осакаровка кенті;
10) «Сүт қышқылы өнімдерін өндіру», Пионер ауылдық округі.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастар бастамаларын ынталандыру, жастар қозғалыстарын дамытуды жандандыру мақсатында Осакаров ауданы әкімінің «Жас сұңқар-2024» жастар сыйақысына (бұдан әрі – сыйақы) конкурс өткізілді. Ағымдағы жылдың 23 қазанында «Жас сұңқар-2024» байқауында 16 жас азаматтар марапаттарға ие болды.
2025 жыл Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтар» жылы болып жарияланды.
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жұмысшы мамандарды ынталандыру үшін кәсіптік білім беруді дамыту және еңбек нарығын жүйелеу қажеттігін атап өтті.