Ауданның дамуы үшін білімді халық үлкен рөл атқарады, бірақ адами капиталдың сапасы көбінесе денсаулық сақтау жүйесінің қаншалықты сәтті жұмыс істейтініне байланысты.
Денсаулық сақтау жүйесінің барлық реформалары көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға, оның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сапалы медициналық қызметтер тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарға толық көлемде қолжетімді болуы тиіс.
Халық денсаулығы қоғам дамуының басты құрамдас бөлігі, әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттың кепілі болып табылады.
Әлеуметтік маңызы бар аурулардан (онкологиялық, қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, туберкулез) халықтың аурушаңдығы мен өлімін төмендету мақсатында бірқатар жылдар бойы халықтың нысаналы топтарына тегін негізде скринингтік медициналық тексерулер жүргізіледі.
Адами әлеует деңгейін арттырудың маңызды бағыты медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, салауатты өмір салтын ілгерілету болып табылады.
Ел Президенті медициналық қызмет көрсету жүйесінің негізгі қағидаттарын айқындады – бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі.
1000 тұрғынға шаққандағы туу коэффициенті төмендеп, 10,16 құрайды 2024 жылы 323 бала, 2023 жылы 324 бала дүниеге келді.
1000 тұрғынға шаққандағы жалпы өлім-жітім көрсеткіші төмендеді және 8,59 (253 адам қайтыс болды), 2023 жылы 10,92 құрайды (328 адам қайтыс болды).
2024 жылғы нәресте өлімі және ана өлімі жоқ.
2023 жылмен салыстырғанда 100000 тұрғынға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеді және 2023 жылы 53,5 (16 науқас) қарсы 44,3 (13 науқас анықталды) құрайды.
Туберкулезден болатын өлім-жітім төмендеді және 3,4 (1 науқас қайтыс болды), 2023 жылы 6,7 құрайды ( 2 науқас қайтыс болды).
100000 тұрғынға шаққанда онкологиялық аурулардың жиілігі төмендеді және 279,3 (82 науқас анықталды), 2023 жылы – 287,7 құрайды (86 науқас анықталды).
Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім азайып, 71,5 (21 науқас қайтыс болды), 2023 жылы 93,7 құрайды (28 науқас қайтыс болды). Осы көрсеткішпен қатар 5 және одан да көп жыл өмір сүретіндердің өмір сүру ұзақтығы артты және 57,8, 2023 жылы – 56,8 құрайды.
Аудандағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленісті болып қала береді. АИТВ инфекциясының барлығы 113, жаңа - 12 жағдай, 100000 тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық 40,9, 2023 жылы сырқаттанушылық 56,9 ( 17 адам) құрайды.
Медицинаны дамытуға басымдық берілгені қуантады. Біздің сала ауқымды мемлекеттік қолдауды алады, 2024 жылы Молодежный кентінде УЗИ аппараты (MINDRAY) құны 18 мл. теңге, Осакаровка кентіне және Молодежный кентіне жалпы құны 39 мл теңге болатын 2 лор комбайн сатып алынды, Осакаровка кентінің зертханасына газдар мен электролиттерді анықтау үшін 11 мл. теңге құны бар анализатор сатып алынды, компьютерлік томографияны контрастпен жүргізу құны 20 мл. теңге болатын инжектор сатып алынды.
2024 жылы 5 жас маман Осакаровка кентіне жалпы практика дәрігері Нурсеитова Алтынай Жунускановна, Сарыөзек ауылына жалпы практика дәрігері Экзекова Рита Сагынаевна, Родниковское ауылына жалпы практика дәрігері Бақыт Саябек Амангелдіұлы, Молодежный к. АА анестезиолог-реаниматолог дәрігері Кенжебаев Нурсултан Айдарович, педиатр Байзакова Азиза Сайлауовна жұмысқа орналасты.
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 2024 жылдың қазан айында 5 медициналық нысанның құрылысы басталды: Сарыөзек дәрігерлік амбулаториясы, Шүңқыркөл медициналық пункті, Звезда медициналық пункті, Ошаған медициналық пункті, Ақпан медициналық пункті
АА-да әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді, дәрілік препараттарды сату ең төменгі бағамен жүзеге асырылады, бұл дәрілік заттардың физикалық қолжетімділігін, ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтарына жақсартуға және халықтың денсаулық көрсеткіштеріне тікелей әсер етуге мүмкіндік береді. Ассортимент 907 атауды құрайды.
Маңызды қадамдардың бірі денсаулық сақтауда ақпараттық жүйелерді енгізу болып табылады: ауданның емдеу мекемелерінде КМАЖ (кешенді медициналық ақпараттық жүйе) орнатылды.
ТМККБК медициналық қызметтерінің барлық түрлерін, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықпен жұмыс жандандырылды. Кабельдік теледидар, АА сайты, баспа құралдары, Instagram, жеделхаттар жұмылдырылды, онда аудан мамандары денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді белсенді түрде жариялайды.
Науқасты қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды, бұл "мұнда және қазір" қағидаты бойынша халықты толғандыратын өзекті мәселелерді қарауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
ПҚжІБҚ телефоны 4-33-83, ұялы.77771342689, басшының сайты және блогы www.crb-osak.kz.
Коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарға плазманы тапсыру қажет емес. Бұл тек ерікті іс. Антиденелері бар иммундық плазма қазіргі уақытта ауруханаларда ауыр және өте ауыр жағдайда жүргендерге қажет. Бұл коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар үшін жалғыз нақты емдеу әдісі.