Жансары ауылдық округінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстарын ұйымдастыруда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және мерзімінің өтуін ескерту бойынша жекелеген жұмыстар өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің Қағидалары тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қызмет көрсетулердің алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында стендте орналастырылған.
Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетулердің 6 түрін көрсетеді. 2024 жылдың 5 қаңтарынан 31 желтоқсан дейін 2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетілді: 1 мемлекеттік қызмет "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату", 1 мемлекеттік қызмет «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
«Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де және № 24 орта мектепте «Өзіне –өзі қызмет көрсететін» бұрыштар бар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға жұмыстар жүргізілді. «Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында, ауылдық мәдениет үйінде, № 24 орта мектептің сыртқы есігінде пандус орнатылды және шақырту тетігі орналастырылған. Және де мемлекеттік қызмет көрсетудің Қағидалары мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қызмет көрсетулердің алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында стендте орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп тұрамыз. Мемлекеттік қызметшілері арасында әр дүйсенбі сайын аппараттық жиында және құқықтық сабақта Қағидалары талаптары қаралады. Халық арасында «Электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету туралы» және «Электрондық және Мобильдік үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы» түсіндіру жұмыстар тұрақты өткізіліп және жаднамалар таратып тұрамызы.