Мемлекеттік қызмет көрсету
жөнінде Талдамалы анықтама
Жансары ауылдық округінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстарын ұйымдастыруда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және мерзімінің өтуін ескерту бойынша жекелеген жұмыстар өткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің Қағидалары тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қызмет көрсетулердің алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында стендте орналастырылған.
Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетулердің 6 түрін көрсетеді. 2023 жылдың 5 қаңтарынан 29 желтоқсанға дейін 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді: 1 мемлекеттік қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», 1 мемлекеттік қызмет «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
«Жансары ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де, № 24 орта мектепте «Өзіне –өзі қызмет көрсететін» бұрыштар бар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға жұмыстар жүргізілді. Ауылдық мәдениет үйінде, № 24 орта мектептің сыртқы есігінде пандус орнатылды және әкім аппаратының ғимаратында шақырту тетігі орналастырылған. Мемлекеттік стандартқа сай пандус орнату үшін қаражат бөлу жөнінде аудан қаржы бөліміне бюджеттік өтінім жолдалынған. Және де мемлекеттік қызмет көрсетудің Қағидалары мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қызмет көрсетулердің алу тәртібі туралы ақпарат, арыздану тәртібі туралы ақпарат, ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында стендте орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп тұрамыз. Мемлекеттік қызметшілері арасында әр дүйсенбі сайын аппараттық жиында және құқықтық сабақта Қағидалары талаптары қаралады. Халық арасында «Электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету туралы» және «Электрондық және Мобильдік үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы» түсіндіру жұмыстар тұрақты өткізіліп және жаднамалар таратып тұрамызы.