2022 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтің есебі

"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты"  мемлекеттік мекемесінде   2022 жылдың 12 айында мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

     – сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқық алу - 5;

-жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау-0.

Сарыөзек ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер сапалы көрсетіледі, 2022 жылдың он екі айында шағымдар болған жоқ. Әкім аппаратындағы стендте халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат толық орналастырылған. Әкімшілікте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Шағымдар мен ұсыныстарға арналған журнал бар.

Округ әкімі аппаратында айына бір рет Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен тұрғындар арасында Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізіледі. Бұл әңгіме Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау, есеп беру нысандарын қалыптастыру және толтыру мақсатында өткізіледі.

 

Дата публикации
29 мая 2024