2026 жылдың 14 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту жөніндегі іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес Садовый ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы №16 ЖББМ 8 сынып оқушыларымен әңгіме өткізді. Мақсаты: оқушылардың қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың не екенін түсінуін жалғастыру. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қазіргі қоғам мәселелеріне өзіндік дүниетанымын қалыптастырып, елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты ұстанымның қалыптасуына ықпал ету. Өсіп келе жатқан жастардың өз іс-әрекеті мен санасына және қоғамдық белсенділігіне жауапкершілікті тәрбиелеу.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша
департаментінің бас маманы С.С .Амангельдинованың
және Қарағанды облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ
филиалының бас маманы Г.К. Қашаубаеваның мақаласы
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі туралы»
Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастырды. Бұл қолдау көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі де бар.
Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі алғашында үш әлеуметтік тәуекелді қамтыды: еңбекке жарамсыздық, асыраушысынан айырылу және жұмыссыз қалу.
2008 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдердің мүдделерін қорғау мақсатында ана болу және бала күтімімен байланысты екі қосымша әлеуметтік тәуекел түрі енгізілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыс беріледі. Осы демалысты рәсімдегеннен кейін, болашақ ана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтінішпен жүгінеді.
Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі 2023 жылғы
20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен
(бұдан әрі – Кодекс) және 2023 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №248 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.
Әлеуметтік төлемнің мөлшері әйелдің құқық пайда болған айдың алдындағы соңғы 12 ай ішіндегі Мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысына және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты есептеледі.
Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.
Еңбекке жарамсыздық парағын беру тәртібі 2020 жылғы 18 қарашадағы ҚР Денсаулық сақтау министрінің №ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бекітілген уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, еңбекке жарамсыздық парағын не анықтамасын беру қағидаларымен белгіленген.Оған сәйкес жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы:
- қалыпты босану кезінде – 126 күнтізбелік күнге(босануға дейін 70 күн, босанғаннан кейін 56 күн);
- ядролық сынақтардың әсеріне ұшырағанын растайтын куәлігі бар әйелдерге және/немесе осындай аумақта тұратын әйелдерге – 170 күнтізбелік күнге(босануға дейін 91 күн, босанғаннан кейін 79 күн).
- ауыр босану немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда қосымша 14 күнтізбелік күнге ұзартылып беріледі.
2025 жылғы 8 сәуірде Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес:
- жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері 7 ЕТЖ-мен (ең төмен жалақы) шектеледі (жұмыс берушілер санына қарамастан);
- жүктілікке және босануға, бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер есебінен әлеуметтік тәуекелдер туындаған күннен кейінгі төленген әлеуметтік аударымдарды алып тастау.
Егер әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысы 595 000 теңге немесе одан жоғары болса, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы сомасы 2 499 000 теңгені құрайды (126 күнтізбелік күнге еңбекке жарамсыздық парағы берілген жағдайда).
Аталған өзгерістердің негізгі мақсаты – жасанды түрде табысты арттырудың алдын алу және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қосымша хабарлаймыз, Кодекстің 71-бабы 3-тармағына сәйкес, егер әйелдің орташа айлық табысы белгіленген шектен асатын болса, онда жұмыс беруші еңбек шартына және (немесе) ұжымдық шартқа, сондай-ақ жұмыс берушінің актісіне сәйкес, төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін шегере отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысты орташа жалақысын сақтай отырып төлеуге міндетті.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығын тексеру көзделген. Бұл, әсіресе, әлеуметтік аударымдардың толық әрі уақытылы жүргізілмеуі, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) сомасына сәйкес келмеуі сияқты жағдайларда жүргізіледі.
Осы мақсатта Қор мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге сұрау салулар жіберуге, қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.
Табыстың түскенін растайтын құжаттарға мыналар жатады: жеке тұлғаның жалақы жобасы арқылы түскен қаражат айналымдары көрсетілген шот бойынша үзінді көшірме, жеке кәсіпкерлер үшін – банктік шот бойынша үзінді көшірме және (немесе) Rekassa қаржылық фискалдық есептемесі.
Құжаттарды тексеру мерзімі – бір айдан аспайды, ал қосымша құжаттар талап етілген жағдайда жалпы рәсімдеу мерзімі 30 жұмыс күнінен аспайды. Бұл уақыт мемлекеттік органдардан, жұмыс берушіден және өзге ұйымдардан қажетті ақпарат алу, сондай-ақ қызмет алушының қосымша құжаттарды ұсынуы үшін қажет.
Маңызды ескерту: жүктілікке және босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнен 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары ұсталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемді алу үшін қызмет алушы келесі тәсілдердің бірімен жүгіне алады - дәстүрлі тәсілмен – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы, электрондық түрде – egov.kz Электрондық үкімет порталы арқылы, проактивті форматта – СМС-хабарлама арқылы өтініш берушінің келісімін алғаннан кейін.
Құрметті қызмет алушы!
Егер мемлекеттік қызмет алу барысында артық құжаттарды талап ету, мерзімдердің бұзылуы, негізсіз бас тарту және басқа да әкімшілік кедергілерге тап болсаңыз, өз құқықтарыңызды қорғау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша жүгіне аласыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс телефондары: 8 (7212) 50-40-66, 50-33-83.
2025 жылдың 22 шілдеде күні Садовый ауылдық округінің аумағында кәсіпкерлік субъектілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдар таратылып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша акция өткізілді.
2025 жылдың 22 шілдеде Садовое ауылындағы №16 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша ақпараттық материалдар тарата отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың 22 шілдеде Садовый ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өтті. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында ақпараттық-білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу.
2025 жылдың 18 маусым күні Садовый ауылдық округінің аумағында кәсіпкерлік субъектілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдар таратылып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша акция өткізілді.
2025 жылдың 18 маусымында Садовое ауылындағы №16 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша ақпараттық материалдар тарата отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың 18 маусымында Садовый ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өтті. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында ақпараттық-білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу.
2025 жылдың 17 сәуірде Садовый ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өтті. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында ақпараттық-білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу.
2025 жылдың 17 сәуірінде Садовое ауылындағы №16 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдар таратылды.