2024 жылдың есебі

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен екі тілде мемлекеттік қызметтер тізілімге сәйкес Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетулердің 6 түрін көрсетеді:

  1. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
  3. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту
  4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату
  5. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  6. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру

2024 жылдың 11 айында «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. 2024 жылы 01 сәуір күні «Ласьков Дмитрий Ивановичке Садовое ауылы Степная көшесі, 22 үй 1 пәтер мекенжайында орналасқан жер учаскесіне қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 0,1136 гектар жеке меншік құқығын беру туралы» өкім шығарылды.
  2. 2024 жылы 04 сәуір күні «Медведева Надежда Ивановнаға Садовый ауылы Степная көшесі 5 үй жерінде орналасқан жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауданы 0,1324 гектар қосымша жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы» өкім шығарылды.
  3. 2024 жылы 17 сәуір күні «Садовый ауылдық округінде орналасқан жер учаскелеріне «Қарағанды өңірлік энергетикалық компаниясы» ЖШС-не уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы беру туралы» өкім шығарылды.
  4. 2024 жылы 25 сәуір күні «Ж.Ш.Жетпісбаевқа сатып алу құқығымен Садовое ауылы, Гагарин көшесі, 22 ғимаратта орналасқан дүкенге қызмет көрсету үшін жер учаскесін жеке меншік құқығын беру туралы» өкім шығарылды.
  5. 2024 жылы 26 тамыз күні «Садовое ауылы, Степная көшесі, 15 үй, 1 пәтер мекенжайында орналасқан В.И. Михайловқа жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 0,1840 гектар жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы» өкім шығарылды.
  6. 2024 жылы 05 желтоқсанында «Садовый ауылдық округінде орналасқан жер учаскелеріне «Қарағанды өңірлік энергетикалық компаниясы» ЖШС-не уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы беру туралы» өкім шығарылды.
  7. «Қарағанды 2024 жылы 17 желтоқсан күні «Улихбай Рахимбекке Садовый ауылдық округіндегі жер учаскелеріне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы» өкім шығарылды.

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Садовый ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінде қызмет көрсетудің қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарықтанған жайларда көрсетіледі, сол сияқты  мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған, шақырту тетігі орналастырылған. Садовый ауылдық округі әкім аппаратының ғимаратында пандустың қажеттілігі жоқ. Әкім аппараты ғимаратында «Электрондық Үкімет» порталы бойынша электронды форматта мемлекеттік қызмет алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Әрбір азамат «Электрондық үкімет» порталы бойынша өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ала алады, оған барлық жағдайлар жасалған. «Электрондық Үкімет» порталы арқылы 2024 жылы 11 айда сотталғандығы болуы не болмауы туралы – 18 анықтама, , қашықтан ЭЦК алу-51, нарко диспансерлік анықтама – 21, медициналық ұйымға тіркелу-28,  тұрғылықты жерін тіркеу-19. Садовый ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында ауыл тұрғындарына Электрондық қызметтердің әртүрлі түрлерін алу бойынша, Мемлекеттік қызмет алуды насихаттау бойынша екі тілде флаер таратылады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жаңа формадағы ең ыңғайлы жүйелі бағдарламасы екені туралы тұрғындарға түсіндіріледі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Цифрлық агент» (Digitalagent) мобильді қосымшасы қосылғаны туралы түсіндірме жұмыстары  жүргізіліп, буклеттер таратылып жатыр.

2024 жылдың есебі
Дата публикации
07 февраля 2025