2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады.
Бұл норма Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға төленетін зейнетақы төлемдеріне қолданылмайды.
Бұрын қалай болды?
Бұрын БЖЗҚ-дан берілетін барлық зейнетақы төлемдері, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері де, табыс ретінде қарастырылып, төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша ЖТС ұсталатын.
Зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынбай тұрып аударылып, жеке табыс салығы төлем жасау кезінде ұсталатын. Бұл ретте түзету сомалары мен салықтық шегерімдер ескерілді.
Тұрғын үй немесе емделу мақсаттарына пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ЖТС ұсталатын. Алушы өз қалауы бойынша салықты төлем алған кезінде бірден немесе зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырып, төлемдер кестесіне сәйкес төлеу тәсілін таңдай алатын.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қалай болады?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының резиденттері үшін зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды. ЖТС тек Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға берілетін зейнетақы төлемдерінен ғана ұсталады.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй немесе емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған ЖТС төлеу міндеттемелері жойылады, алайда бұрын бюджетке төленген салық сомалары қайтарылмайды.
Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табысқа қатысты тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 882 еселенген мөлшері шегінде салықтық шегерім қолдану құқығына ие.
Бұл санатқа I, II немесе III топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың немесе қорғаншылардың бірі, жетім балаларды асырап алған (қамқорлығына алған) ата-аналардың бірі, әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер және өзге де тұлғалар жатады. Аталған тұлғалардың толық тізбесі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 404-бабында көрсетілген. Егер осы санатқа жататын алушылар біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде ЖТС-ты бірден төлеген болса, олар БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгініп, жаңа Салық кодексіне сәйкес ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару мәселесін БЗТ алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асыра алады.
Тағы қандай өзгерістер бар?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның өз пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімдер жойылады. Бұрын бұл шегерімдер Салық кодексінде белгіленген мөлшерде төлем көзінен салық салынатын табысқа қолданылатын.
Бұл ретте жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға өз қызметкерінің пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның (қызметкердің) табысы болып есептелмейді. Тиісінше, оған ЖТС салынбайды. Ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатады.
Яғни, бұл жағдайда қызметкер де, жұмыс беруші де салықтық жеңілдікке ие болады.
«Жас сұнқар – 2025»: Осакаров ауданында жастар көшбасшылары марапатталды
Осакаров ауданында аудан әкімінің «Жас сұнқар – 2025» жастар сыйлығын табыстау конкурсының қорытындылары шығарылды. Биыл түрлі салада жетістікке жеткен 13 жас көшбасшы ақшалай сертификаттарға ие болды.
«Жылдың жас қорғаушысы» номинациясында Осакаров аудандық полиция бөлімінің криминалисі Әділ Әлімбаев жеңімпаз атанды. «Жылдың жас мемлекеттік қызметшісі» болып Жұлдыз ауылдық округінің бас маманы Марат Қожахметов танылды. «Жас медицина қызметкері» номинациясында аудандық аурухананың терапевті Дария Әбілсейітова үздік деп танылды. Ал «Жылдың жас мұғалімі» атағын Қ.Сәтбаев атындағы мектептің музыка пәні мұғалімі Дания Тілеубек иеленді.
«Мемлекеттік тіл – болашағым» номинациясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Анастасия Иванова жеңімпаз атанды.
Бүгін ұлы қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Оның есімі — қазақ халқының ұлттық мақтанышының, рухани жаңғыруы мен мәдени қалыптасуының символына айналды.
Абай өзінің философиялық көзқарастары, поэзиялық шығармалары мен қара сөздері арқылы тарихта терең із қалдырды. Ол білім, адамгершілік, әділет, дін, өзін-өзі дамыту және Отанға деген сүйіспеншілік тақырыптарын көтерді. Қазақ қоғамына жаңа сана-сезім қалыптастыруды мақсат тұтып, білімге, еңбекке, адалдыққа және рухани кемелдікке үндеді.
Абай еңбектерінде көрініс тапқан гуманизм мен прогресс идеялары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ және жаңа ұрпақ үшін моральдық бағдар бола алады. Абай мұрасы — бұл адамзат өмірінің мәңгілік сұрақтарына жауап іздейтін даналық мектебі.
Родников ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында жиналыс өтті. Іс-шараға әкімдік өкілдері, құқық қорғау органдары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың құқықтық санасын нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар берілді.
Родников ауылында учаскелік полиция инспекторы Сәкен Жетпісбаевичтің қатысуымен жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында «Заң мен тәртіп», «Құқықтық қоғам құру» және «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыптарында ақпараттық парақшалар таратылды. Жастарға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, адалдық пен әділдік қағидаттары түсіндіріліп, жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері айтылды. Мұндай шаралар ауыл жастарының құқықтық мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.
аза Қазақстан» акциясы аясында Родников ауылында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары белсене қатысып, көшелерді қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтап-сырлау жұмыстарын жүргізді. Бұл шара қоршаған ортаны қорғауға және ауылдың көркеюіне бағытталған.
Родников ауылдық округінде құқықтық тәртіп пен азаматтық жауапкершілікті насихаттау мақсатында учаскелік полиция қызметкері Сәкен Жетпісбаев түсіндіру іс-шараларын жүргізді. Жергілікті тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті дамыту үшін учаскелік полиция инспекторы Сәкен Жетпісбаевтың қатысуымен Родников ауылында арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Маңызды міндеттердің бірі мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметін мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халыққа бағдарлау болып табылады.
Көрсетілетін қызметтердің барлық стандарттары мен регламенттері әкім аппаратының веб - сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметке жүгінуге кететін уақыт айтарлықтай қысқарды. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда кез келген адам оны электрондық форматта ала алады.
Кент әкімі аппаратының ғимаратында 2021 жылдан бастап ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Бұл бұрыш Қазақстан Республикасының Электрондық Үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу үшін ұйымдастыру техникасымен және көрнекі ақпараттық стендпен жабдықталған. «Egov.kz».