Родников ауылында учаскелік полиция инспекторы Сәкен Жетпісбаевтың қатысуымен жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында «Заң және тәртіп», «Құқықтық қоғам қалыптастыру» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыптарында ақпараттық парақшалар таратылды. Жастарға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, адалдық пен әділдік қағидаттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтылды. Мұндай іс-шаралар ауыл жастарының құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.