Отбасы банктың жаңа интернет-порталы – orken.otbasybank.kz іске қосылуына орай жаңарту жүзеге асырылды. 2025 жылғы 24 мамырдан бастап кезекке тұруға өтініш беру осы портал арқылы толықтай онлайн форматта жүргізіледі. Өтініш беру үшін ЭЦҚ арқылы авторизация қажет.
«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жүйесі Отбасы банкі арқылы бірыңғай цифрлық платформа ретінде жұмыс істейді және 14 мемлекеттік базаға қосылған. Бұл жүйе азаматтың цифрлық портретін қалыптастырады. Тұрғын үйдің болуы, табыс, отбасы құрамы және мұқтаждық мәртебесі туралы мәліметтер автоматты түрде тексеріледі. Адам факторы алынып тасталып, есеп «қолмен» араласусыз жүргізіледі.
Өтініш қаралғаннан кейін азаматқа шешім туралы SMS-хабарлама 1414 нөмірінен келеді – мақұлданғаны немесе бас тартылғаны көрсетіледі.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov Mobile қосымшасында бағдарлама шарттарын алдын ала түсінуге көмектесетін анықтамалық ақпарат орналастырылған. Бұл бөлімді eGov Mobile басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінен табуға болады.