2024 жыл есебі

"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 2, жер учаскесін алуға кезекке қою - 0 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін хабарлайды.

Ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету тұрақты бақылауда, қызмет сапалы және белгіленген мерзімде көрсетіледі, 2024 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, стенд орналастырылған, онда халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат бар, сондай-ақ бейнероликтер көрсетіледі. Сондай-ақ Родниковское ауылының №25 ЖББМ КММ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

2024 жылдың төртінші тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында "электрондық үкімет" порталы арқылы 89 адам қызмет алды.

Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 89 түсіндіру іс-шарасы өткізілді

Азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған журнал бар. Әкімдік ғимаратына кіре берісте қызметкерлерді шақыру түймесі мен пандус орнатылған.

egov.kz порталынан мемлекеттік қызметтерді алуға болатыны туралы баннер Родниковское ауылының Сарыарқа көшесі 3А мекенжайы бойынша орналасқан.

"Электрондық үкімет" порталында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы буклеттер ауылдық округ тұрғындарына таратылуда, өткен кезеңде 28 адам қамтылды, сондай-ақ, брошюралар пошта үй-жайларында, дүкендерде,    №25 ОМ КММ және ауылдық кітапханада орналастырылды, ақпарат WatsApp, Facebook әлеуметтік топтарында жарияланады.

Дата публикации
07 февраля 2025