Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп.

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді. 2025 жылғы 5 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 22 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оның ішінде қызмет түрлері бойынша: «Сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» – 14; "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату"– 1; "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" – 4; "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту"– 1, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1; «Объектілерді постутилизациялау бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім шығару (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу).- 1»

  2025 жылғы 5 қаңтар мен 31 желтоқсан арығында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту  – 3, негізсіз бас тартулар болған жоқ. Есепті кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. Пионер ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері әлеуметтік желі платформасында буклеттер тарату және ақпараттарды жариялау арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізеді.

  Сондай-ақ әкім аппаратының кіреберісінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған персоналды шақыру түймесі мен пандус орнатылған. Пионер ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының алдына «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды насихаттайтын баннер орнатылды.

 

Дата публикации
27 января 2026