Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп.

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді. 2024 жылғы 3 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оның ішінде қызмет түрлері бойынша: «Сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» – 2; "жер учаскесін алуға кезекке қою" - 1

  2024 жылғы 3 қаңтар мен 31 желтоқсан арығында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту  – жоқ, негізсіз бас тартулар болған жоқ. Есепті кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. Пионер ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері әлеуметтік желі платформасында буклеттер тарату және ақпараттарды жариялау арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізеді.

  Сондай-ақ әкім аппаратының кіреберісінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған персоналды шақыру түймесі мен пандус орнатылған. Пионер ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының алдына «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды насихаттайтын баннер орнатылды.

 

Дата публикации
10 января 2025