«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2020 жылғы 5 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер, оның ішінде қызмет түрлері бойынша:
«Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне сауда-саттық (аукциондар) өткізуді талап етпейтін құқықтарды алу» – 15.
2020 жылғы 5 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жағдайлары тіркелген жоқ, негізсіз бас тартуларға жол берілген жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлері тарапынан халықты электрондық мемлекеттік қызметтер туралы кеңінен хабардар ету мақсатында тұрақты негізде буклеттер тарату және әлеуметтік желілер платформаларында ақпарат орналастыру арқылы іс-шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ, әкімдік аппараты ғимаратының кіреберісінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызметкерлерді шақыру түймесі мен пандус орнатылған. Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратының алдында «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін насихаттайтын баннер орнатылған.