Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты ММ халыққа 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2024 жылдың 12 айында 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді (12 қызмет - жеке тұлғаларға, 2 қызмет - заңды тұлғаларға):
- жер учаскесін алуға кезекке тұру - 7 қызмет;
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 2 қызмет;
- жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 1 қызмет
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда тұрғындар электрондық қызметтерді ала алады, электрондық қызметтерді қалай алу керектігі туралы бейнероликтер ілінеді.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.
Белгіленген мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
Әкім аппаратының стендінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат орналастырылған. Электрондық мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы бар, 2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 76 қызмет көрсетілді:
39 қызмет - ЭЦҚ алу.
17 қызмет - ЭЦҚ-ны ұзарту
15 қызмет - жылжымайтын мүліктің жоқ екендігі туралы анықтама
5 қызмет - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама
Мемлекеттік қызмет көрсетуді дәріптеу жөніндегі кітапшаларды тарату ұйымдастырылды. Баннер орналастырылған.
Округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша Озерный ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен тұрғындар арасында тоқсанына 1 рет дөңгелек үстел өткізіледі. Аталған әңгімелесу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау, есеп нысандарын қалыптастыру және толтыру мақсатында өткізіледі.