«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ халыққа 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2022 жылдың 12 айында 19 мемлекеттік қызмет көрсетілді (жеке тұлғаларға 18 қызмет, заңды тұлғаға 1 қызмет):
-елді елді мекен шегінде нысан құрылысына жер учаскесін беру – 2;
-мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу – 7 (6 жеке және 1 заңды тұлға);
- бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату – 0; - жер телімін алуға кезекке қою – 10;
-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту – 0;
-жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау – 0.
Мұнда тұрғындар электронды қызмет ала алатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, электронды қызмет алу жолдары туралы бейнероликтер көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Белгіленген мерзімдерді бұзған мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
Аудан әкімі аппаратындағы стендте мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат орналастырылған. Электрондық мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы бар. Баннер орналастырылды.
Аудан әкімі аппаратында тоқсанына бір рет Озерный ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізіледі. Бұл әңгіме мемлекеттік қызмет көрсету, есеп беру нысандарын қалыптастыру және толтыру тәртібін сақтау мақсатында жүргізіледі.