Осакаровка кенті әкімінің аппаратымен жеті Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2.Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
3.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
4.Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату;
5.Жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату;
7.Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Есепті кезеңде 2024 жылдың 12 айында кент әкімінің аппаратымен 201 мемлекеттік қызмет көрсетілді(Жеке тұлғалардан 190 және заңды тұлғалардан 11):
Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-2-ге сату;
-Жер учаскесін алуға кезекке қою-92;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру -4;
- Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту-9 (7-жеке тұлғалардан және 2-заңды тұлғалардан);
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-14;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды ) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-жеке тұлғалардан 62 және заңды тұлғалардан 7.
Мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуды қамтамасыз ету үшін Осакаровка кенті әкімі аппаратының ғимаратында EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Тілек білдірушілер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалана алады. "Электрондық үкімет" порталы арқылы Осакаровка кентінің тұрғындары өздерін қызықтыратын мемлекеттік қызметті өз бетінше ала алады. 2024 жылдың 12 айында 54 адам оқудан өтті, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 74 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
24 қызмет-ЭЦҚ алуға.
24 қызмет-ЭЦҚ ұзартуға
21 қызмет-жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама
5 қызмет-жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына халық тарапынан шағымдар түскен жоқ. Белгіленген мерзімдері бұзылған Мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының барлығы-44;
Тұрақты негізде кент әкімі аппаратының маманы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын және жадынамаларды таратады. Мемлекеттік қызметтерді насихаттау үшін әкім аппаратымен аудан әкімдігінің алаңында тиісті тақырыптағы баннер орналастырылды.