«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.
«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қазақстан Республикасы инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Цифрлық даму министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен алты мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1.«Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп төлеу»
2.«Қала, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
3.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»
4.«Сауда-саттықты (конкурстарды,акциондарды )өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
5.«Жер учаскесін алуға кезекке қою»
6.«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
2025 жылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару» 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 89 қызмет көрсетілді.
Округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметті «Электронды үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндітері бар екені туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі мемлекеттік мекеме басшысының тұрақты бақылауында.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Николаев ауылдық округі әкімдігінің фойесінде орналасқан стендтерде орналасқан.