2021 жылғы мемлекеттік көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қазақстан Республикасы инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Цифрлық даму министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен алты мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1.«Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп төлеу»;

2.«Елді мекендер шегінде объекті салу  үшін жер учаскелерін беру»;

3.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»;

4.«Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу;

5.«Жер учаскесін алуға кезекке қою»;

6.«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;

 

2021 жылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Электрондық үкімет» порталы арқылы -3 қызмет, Мемлекеттік корпарция арқылы -1 қызмет көрсетілді:

     «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» -3;

.         «Елді мекендер шегінде объекті салу  үшін жер учаскелерін беру»-1.

    

      Округ тұрғындарымен мемлекетік қызметтерді «Электронды үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

     Қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мерзімдерді бұзылған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі мемлекеттік мекеме басшысының тұрақты бақылауында. 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Николаев ауылдық округі әкімдігінің фойесінде орналасқан стендтерде орналасқан.

Дата публикации
06 августа 2024