«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.
«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қазақстан Республикасы инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Цифрлық даму министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен алты мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1.«Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп төлеу»
2.«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
3.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»
4.«Сауда-саттықты (конкурстарды,акциондарды )өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
5.«Жер учаскесін алуға кезекке қою»
2022 жылы «Электронды үкімет» порталы арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
«Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 48 қызмет көрсетілді.
Округ тұрғындарымен мемлекеттік қызметті «Электронды үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндітері бар екені туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Әкімшілікте «Электрондық үкімет» пен egov.kz порталдарында жұмыс істеуге халықты үйрету бойынша жұмыстар жүргізілді.Тұрғындарға электрондық-сандық қолтаңбаны ашу қажеттігі және картридерді қолдану тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері айтылып жеткізілуде.
Қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Мерзімдерін бұзу болған жоқ.Мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі мемлекеттік мекеме басшысының тұрақты бақылауында.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Николаев ауылдық округі әкімдігінің фойесінде орналасқан стендтерде орналасқан.