Жаңарту өсіп келе жатқан сұранысқа жауап ретінде іске асырылды – бес жыл ішінде eGov Mobile қолданушыларының саны алты есеге өсіп, 11 миллионнан асты.
Интеллектуалды іздеу және виртуалды көмекші
Басты жаңалықтардың бірі – интеллектуалды іздеу. Енді сұранысты енгізген сәтте барлық сәйкес нәтижелер көрсетіледі: қызметтер мен өмірлік жағдайлар. Іздеу жолағының жанында жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін eGov AI виртуалды көмекшісі пайда болды.
eGov AI қосымшаға кіріктірілген және пайдаланушыларға мемлекеттік қызметтер жөнінде қажетті ақпаратты жылдам табуға көмектеседі. Ол чат форматында жұмыс істейді – сұрақ қойсаңыз, көмекші қарапайым тілмен не істеу керегін түсіндіреді, қажет болса бірден тиісті бөлімге немесе қызметке бағыттайды. Мұндай тәсіл уақытты үнемдеп, навигацияны жеңілдетеді. Іздеу жолағы жанындағы eGov AI белгішесін басу жеткілікті – сол сәтте чат ашылып, бірнеше секунд ішінде жауап алуға болады.
Қауіпсіздік күшейтілді
Жаңарту барысында ақпараттық қауіпсіздікке ерекше мән берілді. Жеке деректерді қорғау деңгейі арттырылды, жүйенің сыртқы қауіптерге төзімділігін жоғарылатуға бағытталған техникалық жетілдірулер енгізілді.
Ыңғайлы навигация
Басты бетте енді ең танымал сервистердің белгішелері көрсетіледі – оның ішінде мемлекеттік қызметтерге жедел қол жеткізу мүмкіндігі де бар. Көзге бірден түсетін жерге орналастырылған eGov логотипі қызметтер каталогына тікелей өтеді. Мұнда барлық қызметтер тақырыптар бойынша реттеліп берілген. Навигация электрондық үкімет және Е-лицензиялау порталы бағыттары бойынша бөлінген. Төменгі бөлікте жаңа мүмкіндіктер жөніндегі қысқаша ақпараттық баннерлер, сондай-ақ ТОП-қызметтер, танымал және ұсынылған қызметтер тізімі орналасқан.
Жаңартылған «Сервистер» бөлімі
Қолданушылар үшін барлық цифрлық сервистер тізімі енді қосымшаның төменгі мәзіріндегі «Сервистер» белгішесі арқылы қолжетімді. Басты беттегі танымал сервистерден бөлек, мұнда барлық қолжетімді құралдар бөлімдер бойынша топтастырылған.
Интерфейсі де ыңғайлырақ болды: әр сервис қасында түйреуіш бейнесіндегі белгіше бар – оны басқанда қызмет автоматты түрде танымалдар тізіміне қосылады. Сондай-ақ негізгі функцияларды қысқаша сипаттайтын баннерлер орналастырылған, бұл қосымша мүмкіндіктерді тезірек игеруге көмектеседі.
Цифрлық құжаттарға жедел қол жеткізу
«Цифрлық құжаттар» бөлімі айтарлықтай жаңартылды. Жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік және өзге де маңызды құжаттар енді басты бетте бірден көрсетіледі – жеке бөлімге кірудің қажеті жоқ. Бұл қажетті құжатты немесе оның түпнұсқалығын тексеруге арналған QR-кодты лезде көрсетуге мүмкіндік береді.
Өмірлік жағдайлар каталогы
Пайдаланушыларға қолайлы болуы үшін өмірлік жағдайлар бойынша жеке каталог енгізілді. Мұнда, мысалы, емханаға тіркелу, құжаттарды қалпына келтіру немесе жүргізуші куәлігін алу тәртібі бойынша кезең-кезеңімен нұсқаулық берілген. Қажетті жағдай таңдалған кезде құрылымдалған ақпарат ашылады: қандай әрекеттерді орындау керек, қайда жүгіну қажет, қай қызметті пайдалану керек және осы жағдайда қандай нормативтік құжаттар қолданылады.
Әр өмірлік жағдай интерактивті сауалнама арқылы толықтырылады. Оның нәтижесі бойынша пайдаланушыға жеке сценарий ұсынылады. Егер ұсынылған шешім сәйкес келмесе, сауалнаманы қайта өтіп, балама нұсқаны алуға болады.
eGov QR қызметінің жетілдірілуі
Енді экранда қызметтің мақсаты туралы түсініктеме көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда түнгі уақытта қолдануға ыңғайлы болу үшін экран автоматты түрде жарықтанады.
«Хабарламалар» бөлімін жаңарту
Қызмет мәртебелері, сауалнама нәтижелері және маңызды жаңартулар туралы хабарламалар енді тақырыптар бойынша топтастырылған, бұл қажетті ақпаратты іздеуді жеңілдетеді.
Жеке профильдегі кеңейтілген деректер
Профильде енді жеке мәліметтер, отбасы, денсаулық, еңбек қызметі, айыппұлдар, мүлік және басқа да салаларға қатысты ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ берілген келісімдер тарихы қолжетімді, ал қажетті бөлімге өту айқын және логикалық навигация арқылы жүзеге асады.
eGov Mobile-дың ауқымды жаңартуы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесі болды.
2025 жылғы 11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін алу тәртібі өзгереді. Бұған дейін пайдаланушылар ЭЦҚ алу тәсілін өз бетінше таңдай алатын: онлайн не болмаса Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып. Енді негізгі жол – қашықтан алу. ХҚКО-ға жүгіну тек биометриялық сәйкестендіру жүйесі бірнеше әрекеттен кейін де тұлғаны растай алмаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді. ЭЦҚ кілттерін алу үшін пайдаланушы eGov.kz порталында немесе Ұлттық куәландырушы орталықтың pki.gov.kz сайтында өтінім беріп, бет-әлпетті тану жүйесі арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет. Биометрия сәтті өткен жағдайда ЭЦҚ кілттері ешқандай ХҚКО-ға барусыз онлайн түрде беріледі.
Егер жүйе сәйкестендіруді орындай алмаса – мысалы, базада фотосурет болмаған жағдайда не техникалық ақау туындаса – пайдаланушыға әрекетті қайталау мүмкіндігі беріледі. Биометриялық тексерістен өтуге жүйе бес ретке дейін мүмкіндік береді. Тек осы әрекеттерден кейін ғана ХҚКО арқылы ЭЦҚ алу үшін өтінім беруге және оператор арқылы жеке басын растауға жол ашылады.
Маңызды: биометриядан өтпей ХҚКО-ға өтінім беру мүмкін емес. Оператор ЖСН бойынша ақпаратты тексереді және егер бес рет сәтсіз әрекет тіркелмесе, қызмет көрсете алмайды. ХҚКО арқылы өтінім беру мүмкіндігі тек барлық онлайн әрекеттер аяқталғаннан кейін ғана автоматты түрде ашылады.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ азаматтар үшін ХҚКО-дағы өз-өзіне қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған. Егер пайдаланушы сол жерде сәйкестендіруден сәтті өтсе, кілттер оператордың қатысуынсыз онлайн түрде беріледі.
Қазақстанда ЭЦҚ беру процесінің негізінен қашықтан форматқа ауысқаны статистикалық деректермен расталады. 2025 жылдың басынан бері республика бойынша 14,9 миллионнан астам ЭЦҚ кілті берілді. Соның ішінде 92,25%-ы қашықтан сәйкестендіру арқылы, ал небәрі 7,75%-ы ХҚКО арқылы рәсімделген. Бұл деректер онлайн-сервистің жоғары сұранысқа ие екенін және мемлекеттік қызметтердің цифрландыру бағытында тұрақты үрдіс қалыптасқанын көрсетеді.
Жаңа тәртіп ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. ЭЦҚ – қол қойылған құжатпен тең және толық заңды күшке ие, сол себепті ЭЦҚ кілттеріне қолжетімділік тек иесіне ғана берілуге тиіс. Биометрияны пайдалану тұлғаны сенімді түрде растауға және ЭЦҚ кілттерін заңсыз алу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді.
| Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды. Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және объективті бейнесі алынады, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынады. |
|
| Қаржыландыру көздері: | Республикалық бюджет қаражаты. |
| Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты мен міндеттері: | - ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу; - өнімнің тиімділігін және ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу; - іріктемелі бақылаулар мен бір реттік жазбаларды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңарту. |
| Өткізу мерзімдері: | Ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі: - 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен; - сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі. - санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі. |
| Санақ субъектілері: | - заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалықтары; - жеке шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскелері (дача, бақша, көкөніс учаскелері) және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары |
| Санақ объектілері: | Жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары; мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары; өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар |
| Санақ қамтылуы: | Қазақстан Республикасының барлық аумағында |
| Тартылған кадрлар: | Санаққа 5 мыңнан астам санақ қызметкерлерін – нұсқаушыларды, интервьюерлерді тарту жоспарлануда. |
Бұл жаңарту 2025 жылғы 24 мамырдан бастап өтінімдер қабылданатын Отбасы банкінің жаңа интернет-порталы – orken.otbasybank.kz сайтының іске қосылуына орай енгізілді. Енді өтінім беру процесі толықтай онлайн режимде жүзеге асады – өтінім беру үшін ЭЦҚ арқылы авторизациядан өту қажет.
«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі – Отбасы банкінің бірыңғай цифрлық платформасы ретінде жұмыс істейді және 14 мемлекеттік дерекқорға қосылған. Жүйе азаматтың тұрғын үйінің бар-жоғы, табысы, отбасы құрамы және мұқтаждық мәртебесі туралы деректерді автоматты түрде тексереді. Адам факторын болдырмай, есеп жүргізу толығымен автоматтандырылған.
Өтінімді қарау нәтижесінде азаматқа шешім туралы SMS-хабарлама 1414 қысқа нөмірінен келеді – өтінімнің мақұлданғаны немесе бас тартылғаны көрсетіледі.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov Mobile қосымшасында осы бағдарлама шарттарымен алдын ала танысуға көмектесетін анықтамалық ақпарат орналастырылған. Аталған бөлімді қосымшаның басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінен табуға болады.
Молодёжный кентінде адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2020-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес кент тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,жадынамалар таратылды. Сенім телефоны 11616
Қызметті алу үшін тек SMS-хабарламаны күтіп, оны растау қажет. Одан кейін барлық қажетті рәсімдерді жүйе автоматты түрде жүзеге асырады. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда пайдаланушылар порталдың қолдау қызметіне жүгіне алады.
Автоматты түрде қайта рәсімдеу мына қызметтерге қолжетімді:
Жаңартылған құжат қайта рәсімдеу процесі аяқталғаннан кейін бірден eLicense.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады. Бұл жаңашылдық өтініш берушілерге уақыт үнемдеуге және құжаттарды қайта жинап, тапсыру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Жаңа функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.
eGov.kz порталында қорғаншылар мен қамқоршыларға қамқорлығындағы адамдардың мүлкіне және әлеуметтік төлемдеріне билік етуге рұқсат алуға мүмкіндік беретін жаңа көрсетілетін қызмет іске қосылды. Көрсетілетін қызмет сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін ұсынылады және қорғаншылардың мүлкіне билік етуге ресми рұқсат алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция арқылы электрондық өтініш беру процесі жеңілдетілді. Қажетті мәліметтер цифрландырылған болса, олар өтініш толтырылған кезде автоматты түрде жүктеледі, қателіктер қатерін азайтып, деректерді қайта енгізу қажеттілігін жояды.
Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:
Өтінімді қарау нәтижесінде өтініш берушінің жеке кабинетінде электрондық түрде бұйрық немесе уәжді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.
Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бойынша іс-шаралар кестесіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерімен,жастармен және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы 10 ақпанда кәсіпкерлік субъектілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдарды тарату арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша акция өткізілді.