"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кенті әкімінің аппараты" ММ 2024 жылдың 12 айында "Е-лицензиялау" порталы арқылы, оның ішінде қызмет түрлері бойынша мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілгенін хабарлайды: Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу -28. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру -7. Жер учаскесін алуға кезекке қою - 34.
Елді мекенде мемлекеттік қызметтер сапалы және белгіленген мерзімде көрсетіледі, өткен кезеңде мемлекеттік қызметтерді алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Кент әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат бар стенд орналастырылған.
Өткен кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында "электрондық үкімет" порталы арқылы 9 адам қызмет алды.
Азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған журнал бар. Әкімдік ғимаратының кіреберісінде қызметкерлерді шақыру түймесі орнатылған.
"Электрондық үкімет" порталында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халыққа арналған буклеттер кент тұрғындарына таратылады, өткен кезеңде 116 адам қамтылады, ақпарат Facebook әлеуметтік топтарында жарияланады.