Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2024 жылында қызметі туралы есеп

Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі

2024 жылында қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

Мемлекеттің алдына қойған негізгі міндеттердің бірі  мемлекеттік қызметтердің жоғары сапада барлығына ашық және тең қызмет көрсетілуі болып табылады. 

Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 « Жер қатынастары  саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету  жөніндегі  қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулердің 6 түрін көрсетеді:

  1. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;

2024 жылында Маржанкөл ауылдық округі бойынша "Е-лицензиялау" порталы арқылы "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу " – 1. 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Тұрғындарға қолайлы мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін мемлекеттік органдарда қажетті арнайы техникамен және ақпараттық стендімен жабдықталған бөлмеде мемлекеттік қызметтер  көрсетіледі.  

         Мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  Маржанкөл ауылдық округі әкімшілігінің  ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулері бойынша жұмысы туралы есебі орналастырылған. Ақпаратты жаңарту бойынша жұмыс, тиісті бөлімде қамтылған тұрақты негізде жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасын арттыру мақсатында Маржанкөл ауылдық округі аппараты әкімшілігінде ауылдық округі әкімімен аппараттық кеңесте  қызметкерлер арасында  мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ  дәстүрлі және / немесе электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда түсіндірме жұмыстары өткізіледі.

2024 жылғы 26 шілде күні Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппаратында  құқықтық білім беру мектебі аясында "Мемлекеттік қызметтердің маңыздылығы" тақырыбында 1 сабақ өткізілді. 

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық мемлекеттік қызметті алу туралы бейнероликтер, ЭЦҚ жаңарту және электрондық үкімет порталында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар үнемі көрсетіледі. Маржанкөл ауылдық округінің тұрғындары арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау жөніндегі жадынамаларды таратумен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Округ аумағында "Egov mobile" баннері орнатылған.

Округ тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 67 мемлекеттік қызмет көрсетілді: ЭЦҚ алу, порталда тіркеу, тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару, декларация тапсыру, медициналық ұйымға тіркелу, наркологиялық ұйымның анықтамасы, соттылығының жоқтығы туралы анықтама, психоневрологиялық ұйымның анықтамасы, фтизиатриялық ұйымның анықтамасы және басқалар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есептер бекітілген ережеге сәйкес Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының  https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-marzhankol  интернет ресурсында орналастырылған.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін

 жетілдіру жөніндегі қызмет

2024  жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыруға мемлекеттік қызметшілер жіберілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

         Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:

- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің ережесінде қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;

- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;

-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;

- мемлекеттік қызмет көрсетудің  ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; 

- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.

Маржанкөл ауылдық округі бойынша

мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша

қызмет алушылардың арыздары және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мерзімдерді бұзу туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 января 2025