Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының
мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі
2022 жылғы қызметі туралы есеп
Мемлекеттің алдына қойған негізгі міндеттердің бірі мемлекеттік қызметтердің жоғары сапада барлығына ашық және тең қызмет көрсетілуі болып табылады.
Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулердің 6 түрін көрсетеді:
2022 жылы Маржанкөл ауылдық округі бойынша "Е-лицензиялау" порталы арқылы "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу " деген 2 өтініш қабылданды, «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» 2 өтініш түсті.
Тұрғындарға қолайлы мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін мемлекеттік органдарда қажетті арнайы техникамен және ақпараттық стендімен жабдықталған бөлмеде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Маржанкөл ауылдық округі әкімшілігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік-құқықтық актілер, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетулері бойынша жұмысы туралы есебі орналастырылған. Ақпаратты жаңарту бойынша жұмыс, тиісті бөлімде қамтылған тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасын арттыру мақсатында Маржанкөл ауылдық округі аппараты әкімшілігінде ауылдық округі әкімімен аппараттық кеңесте қызметкерлер арасында мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ дәстүрлі және / немесе электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда түсіндірме жұмыстары өткізіледі.
2022 жылғы 07 қазанда Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппаратында құқықтық білім беру мектебі аясында " Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың артықшылықтары" тақырыбында 1 сабақ өткізілді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық мемлекеттік қызметті алу туралы бейнероликтер, ЭЦҚ жаңарту және электрондық үкімет порталында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар үнемі көрсетіледі. Маржанкөл ауылдық округінің тұрғындары арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау жөніндегі жадынамаларды таратумен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Округ аумағында "Egov mobile" баннері орнатылған.
Округ тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді: ЭЦҚ алу, порталда тіркеу, тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару, медициналық ұйымға тіркелу, наркологиялық ұйымның анықтамасы, соттылығының жоқтығы туралы анықтама, психоневрологиялық ұйымның анықтамасы, фтизиатриялық ұйымның анықтамасы және басқалар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есептер бекітілген ережеге сәйкес Маржанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-marzhankol интернет ресурсында орналастырылған.
жетілдіру жөніндегі қызмет
2022 жылы бас маман Ж.Ж. Тлемисова "Мемлекеттік қызметтердің тиімділігі: өңірлік аспект" тақырыбында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілігін арттырудан өтті.
Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:
- өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің ережесінде қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу;
- мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу;
-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу;
- тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыру.
Маржанкөл ауылдық округі бойынша
мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша
қызмет алушылардың арыздары және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мерзімдерді бұзу туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар болған жоқ.