2025-жылдың есебі

      «Құндызды ауылдық округі әкімдігі аппаратының» ММ 2025- жылдың  желтоқсан айындағы атқарылған жұмыстары бойынша ауылдық округте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында орналасқан компьютерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық үкіметтің порталы арқылы алудың артықшылықтарын насихаттайтын бейнероликтері ауыл тұрғындарының чатына және әлеуметтік желі арқылы көрсетіліп, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан  жыл басынан «egov» арқылы  тұрғындар 110 ЭЦҚ жасалып, әр түрлі  анықтамалар алынды. Тұрғындар мобильді қосымшалары арқылыда да қажетті анықтамалар алды және және ай сайын тұрғындарға электронды құжаттар қол жетімді мақсатында жадынамалар таратылды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша   мемлекеттік қызмет түрлеріне  өтініш келіп түсті. Соның ішінде жыл басынан жеке тұлғаларға «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 3 қызмет көрсетілді.  Белгіленген уақытында сапалы орындалды. Ай сайын тұрғындар арасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

2025-жылдың есебі
Дата публикации
02 февраля 2026