2024 жылдың жылдық есебі

      «Құндызды ауылдық округі әкімдігі аппаратының» ММ 2024 жылдың  желтоқсан айындағы атқарылған жұмыстары бойынша ауылдық округте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында орналасқан компьютерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық үкіметтің порталы арқылы алудың артықшылықтарын насихаттайтын бейнероликтері ауыл тұрғындарының чатына және әлеуметтік желі арқылы көрсетіліп, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан  жыл басынан «egov» арқылы  тұрғындар 100 ЭЦҚ жасалып, әр түрлі  анықтамалар алынды. Тұрғындар мобильді қосымшалары арқылыда да қажетті анықтамалар алды және және ай сайын тұрғындарға электронды құжаттар қол жетімді мақсатында жадынамалар таратылды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша   мемлекеттік қызмет түрлеріне  өтініш келіп түсті. Соның ішінде жыл басынан жеке тұлғаларға «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 3 қызмет көрсетілді, жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту бойынша заңды тұлғаға -1 қызмет көрсетілді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша-1 қызмет көрсетілді. Белгіленген уақытында сапалы орындалды. Ай сайын тұрғындар арасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

               Мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетулері қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділерімен жарықтанған жайларда көрсетіледі, сол сияқты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған,  пандус және шақыру кнопкасы орналастырылыған.

 

2024 жылдың жылдық есебі
Дата публикации
14 января 2025