Құндызды ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауылдық округ тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қортындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округіндегі Шұңқыркөл ауылының көшелері:

      1) Степная көшесін Сарыарқа көшесіне;

      2) Интернатская көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне;

      3) Школьная көшесін Алаш көшесіне;

      4) Парковая көшесін Отан көшесіне;

      5) Озерная көшесін Тұран көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Құндызды ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы
Дата публикации
14 марта 2024