Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2024 жылғы есеп
Қарағанды облысы Осакаров ауданы «Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нде 2024 жылдың 3 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін округ тұрғындарына келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілгенін хабарлайды:
Ауылдық округте мемлекеттік қызметтер сапалы және белгіленген мерзімде көрсетіледі, 2024 жылда мемлекеттік қызметті алушылардан шағым болған жоқ.
Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында интернетке шығу желісі және компьтер бар.Тұрғын халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараты бар стенд орнатылған. «Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-дегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында Қаратомар ауылының тұрғындары жыл басынан бері 32 мемлекеттік қызмет алды.
Сонымен қатар азаматтардың арыздары мен ұсыныстарына арналған журнал бар. Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының кіре берісінде пандус орнатылған және «egov.kz Электронды үкімет» тақырыбына байланыс мәліметтері бар баннер орнатылды. Бүгінгі күні ауыл тұрғындары өздігінен мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ және ММ «Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратындағы» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында ала алады. Сонымен қатар апта сайын халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алыңыз! Оңай, ыңғайлы, жылдам!» брошюралары таратылады.