Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2023 жылғы есеп

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2023 жылғы есеп

 

     Қарағанды облысы Осакаров ауданы «Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нде 2023 жылдың 4 қаңтарынан 29 желтоқсанға дейін округ тұрғындарына келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілгенін хабарлайды: «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0,

«жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша–0,

«сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелерені құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 1,

«жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0,

«жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0,

«жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 0.

Ауылдық округте мемлекеттік қызметтер сапалы және белгіленген мерзімде көрсетіледі, 2023 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік қызметті алушылардан шағым болған жоқ. Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында интернетке шығу желісі және компьтер бар.Тұрғын халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараты бар стенд орнатылған. «Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-дегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында Қаратомар ауылының тұрғындары жыл басынан бері 52 мемлекеттік қызмет алды. Сонымен қатар азаматтардың арыздары мен ұсыныстарына арналған журнал бар. Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының кіре берісінде пандус орнатылған және «egov.kz Электронды үкімет» тақырыбына байланыс мәліметтері бар баннер орнатылды. Бүгінгі күні ауыл тұрғындары өздігінен мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ және ММ «Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратындағы» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында ала алады. Сонымен қатар апта сайын халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алыңыз! Оңай, ыңғайлы, жылдам!» брошюралары таратылады.

                                                                                                             

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2023 жылғы есеп
Дата публикации
14 августа 2024