Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылғы есеп.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылғы есеп.

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2020 жылғы 5 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер, оның ішінде қызмет түрлері бойынша: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 4.2020 жылғы 5 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жағдайлары тіркелген жоқ, негізсіз бас тартуларға жол берілген жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлері тарапынан халықты электрондық мемлекеттік қызметтер туралы кеңінен хабардар ету мақсатында тұрақты негізде буклеттер тарату және әлеуметтік желілер платформаларында ақпарат орналастыру арқылы іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, әкімдік аппараты ғимаратының кіреберісінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызметкерлерді шақыру түймесі мен пандус орнатылған. Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратының алдында «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін насихаттайтын баннер орнатылған.

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылғы есеп.
Дата публикации
06 мая 2026