Меню

Страницы

Статья

Медиация

Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. «Медиация» сөзі (лат. mediation) - делдалдықты білдіреді.

Әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесін пайдалана отырып, 2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанда «Медиация туралы» Заң қабылданды, ол медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

Заңның қолданылу шеңберінде азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды медиаторлардың қатысуымен бейбіт келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болды. Медиация-бұл заңи рәсім, оның қағидаттары: парасаттылық, құпиялылық; адалдық, тараптардың тең құқылығы және ынтымақтастығы, медиатордың бейтараптылығы және тәуелсіздігі болып табылады.

2016 жылдан бастап тұрғындардың жиындарында кәсіби емес медиатор ретінде сайланды және Тізілімге енгізілді: Геренчир Ольга Владимировна-2016 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін.

Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің арасынан кәсіпқой емес медиаторларға сайлануға қатысты Заңның 15-бабында «...медиацияны жергілікті қоғамдастық жиналысы сайлайтын, өмірлік тәжірибесі мол, беделі мен мінсіз беделі бар жергілікті қоғамдастық мүшелері жүргізе алады» делінген.

Дата публикации
20 марта 2024
Дата обновления
20 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат.
01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат.
31 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы