2024 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп

 

2024 жылдың он екі айына Е-лицензиялау порталы арқылы 62 өтініш қабылданды, оның ішінде: 24 өтініш кері қайтарылды, 5 өтініштен бас тартылды, 26 өтініш орындалды, бір өтініш бойынша жер комиссиясының үзінді көшірмесінің күшін жою туралы өтініш түсті, 9 өтініш жұмыста. Бір өтініш қағаз түрінде келіп түсті – орындалды.

2023 жылдан  ауысып 6 өтініш, оның ішінде 1 орындалды. Заңды тұлғадан "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға" ауыспалы өтініш.

Қазіргі уақытта жұмыста 2023 жылдан ауысқан 5 өтініш және 2024 жылы келіп түскен 9 өтініш бар: заңды тұлғадан "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға" 6 өтініш, жеке тұлғадан "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға" 3 өтініш Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелері". Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 181 Мемлекеттік қызмет орындалды (азаматты тіркеу, "Е-лицензиялау" порталы арқылы өтініш беру, ЭЦҚ алу, медициналық мекемеге тіркеу, анықтамалар алу, декларация тапсыру, техникалық байқауға өтініш беру). Округтің елді мекендері бойынша "электрондық үкімет"порталының жұмысы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында 259 адам қамтылды.

Мерзімдерді бұзу жоқ. Шағым түскен жоқ.

Дата публикации
27 декабря 2024