2023 жылғы есеп
2023 жылдың есепті кезеңінде Е-лицензиялау порталы арқылы 29 өтініш қабылданды, оның ішінде: 10 кері қайтарылды, 3 бас тартылды, 10 өтініш 2023 жылы орындалды, 2022 жылдан ауысқан 6 өтініш орындалды, қалғаны 2024 жылға ауысатын 6 өтініш.
Заңды тұлғадан "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға" ауыспалы өтініштер 2022 жылдан бастап 6 өтініш орындалды. 2023 жылы орындалды: заңды тұлғадан "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге" 2 өтініш, заңды тұлғадан "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға" 6 өтініш және жеке тұлғадан "жер учаскесіне құқықтарды сатып алуға" 7 өтініш Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі учаскелер", 4 өтініш "жер учаскесін алуға кезекке қою" порталына келіп түсті. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 176 Мемлекеттік қызмет орындалды (азаматты тіркеу, "Е-лицензиялау" порталы арқылы өтініш беру, ЭЦҚ алу, медициналық мекемеге тіркеу, анықтамалар алу, декларация тапсыру). Округтің елді мекендері бойынша "электрондық үкімет" порталының жұмысы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында 61 адам қамтылды.
Мерзімдерді бұзу жоқ. Шағым түскен жоқ.