Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?
Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi.
Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.
Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.
Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз.
Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.
Толық ақпарат алу үшін өзіңіздің елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.
ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ДАУЫСЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ!
Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы
Осакаров ауданында аудан әкімінің жастарға арналған «Жас сұнқар – 2025» сыйлығының иегерлері анықталды.

Биыл түрлі салада табысқа жеткен 13 жас маман қаржылай сертификаттарға ие болды.

«Жылдың жас қорғаушысы» номинациясында Осакаров ауданы полиция бөлімінің криминалисі Әділ Әлімбаев жеңімпаз атанды. «Жас мемлекеттік қызметші» атағы Жұлдыз ауылдық округінің бас маманы Марат Қожахметовке берілсе, «Жас медицина қызметкері» аталымында аудандық аурухананың терапевті Дәрия Әбілсейітова үздік деп танылды.

Қ. Сәтпаев атындағы мектептің музыка пәні мұғалімі Данния Тілеубек «Жылдың жас мұғалімі» атанды.

Ал «Мемлекеттік тіл – болашағым» номинациясының жеңімпазы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Анастасия Иванова болды.

Жеңімпаздардың бірі – Әділ Әлімбаев бала кезінен полиция қызметкері болуды арман еткенін айтады.
— Кішкентайымнан адамдарға көмектесіп, еліміздің қауіпсіздігіне үлес қосуды қаладым, – дейді ол. – Жас мамандарға арналған байқау туралы естігенде бірден қатысуға бел будым. Бұл өзімді сынап, кәсіби қабілеттерімді көрсетуге зор мүмкіндік болды. Жеңіске жетуіме отбасы мен әріптестерімнің сенімі мен қолдауы үлкен күш берді. Сол қолдау мен еңбектің арқасында үздік атандым.

Осакаров ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 11,49 млн аса АҚШ долларына 97 615 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 6,70 млн астам АҚШ долларына 56 937 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 4,79 млн АҚШ долларына 40 678 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (6,55 млн жуық АҚШ долларына 55 539 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 49,94 мың АҚШ долларына 442 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 38,57 мыңнан аса АҚШ долларына 370 өтініш.
Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (шамамен 4,24 млн АҚШ долларына 35 617 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (412,21 мыңнан аса АҚШ долларына 3 789 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (114,96 мыңнан аса АҚШ долларына 1 067 өтініш орындалды).
Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды.
Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.
kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.
2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Оған жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады..
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады. Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1–30 маусым аралығында беруге болады.
Сайтқа қалай тіркеледі?
Ағымдағы жылдың 1 – 30 маусым аралығында қатысушы ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы сайтта тіркеуден өтуі қажет.
Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.
Іріктеуге қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
Сайтқа тіркелу үшін келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:
- жоғары білім туралы диплом
- еңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
- мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын әрі жарамды QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификаты.
Сондай-ақ, тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:
- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
- Сыртқы саясат және инвестициялар;
- Экономикалық және қаржылық саясат;
- Цифрландыру;
- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Мемлекеттік тілді білу туралы сертификатты қалай алуға болады?
Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы жарамды мерзімі бар сертификат болмаған жағдайда кандидатқа берілген промокод арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша сертификаттық тестілеуден немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «www.qrt.kz» QAZAQ RESMI TEST тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден бір рет тегін өту мүмкіндігі беріледі.
QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ-те тестілеуден өту үшін ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс.
Кері байланыс
Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чат немесе +7-700-096- 70-74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне аладды.
Көмектесу үшін бірлесейік!
30 мамырда Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқаны басталады!
Науқанның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету.
Іс-шара аясында мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарды қабылдайды, ал құқықтың жетекші сарапшылары кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.
Маңызды! Өз ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге алып келіңіз, сонда мамандар толық және сапалы ұсыныстар бере алады.
Өтетін орны: Аудандық мәдени-демалыс орталығы, Осакаровка кенті, Достық көшесі, 43.
Өткізу уақыты: 30 мамыр, басталуы 17: 00.
Қарағанды облысында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев барлық тұрғындарды аулалары мен көшелерін тазарту үшін осы жұмысқа қатысуға шақырды.
– Қыстан кейін көшелерді тазалаумен айналысу керек. Аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша екі айлық жариялаймын. Қалалар мен аудандардың барлық әкімдері өз елді мекендерін тазалау және тазалау бойынша іс-шаралар ұйымдастыруы тиіс. Бұл жұмысқа тұрғындарды, еріктілер мен бизнес өкілдерін тартыңыздар – әркім өз аумақтарында тазалықты сақтауға үлес қосуы тиіс, – деді Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте.
Ол «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасатынын және бұл жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімі қалалар мен аудандарды аралап, жергілікті жерлерде тәртіп қалай орнатылып жатқанын жеке өзі тексеретін болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Шеримбаеваның мақаласы
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және бақылауды жүзеге асырады.
Бақылау шараларының бірі – қашықтықтан бақылау болып табылады.
Департаменпен жүргізілген қашықтықтан бақылау шаралары нәтижесінде қызмет алушыға «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «комиссия құрамының толық болмауына» байланысты негізсіз бас тартқаны анықталды.
Департаменттің араласуы арқасында қызмет алушыға мемлекеттік қызмет заңнама талаптарына сәйкес көрсетіліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Құрметті қызмет алушы, егер Сіздің құқығыңызды бұзу фактісі орын алса Департаментке келесі мекен-жай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39. Байланыс нөмерлері: 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.