Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда 103 мыңнан астам неке тіркелді

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.

Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды.

Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары.

Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың  азаматының тууы тіркелді.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді және бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу жоспарлануда.  Қазірдің өзінде туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда, жоба ауқымы кеңейетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке»  азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

Дата публикации
16 мая 2024
Дата обновления
16 мая 2024
Тип

Сейчас читают

23 июля 2025
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі туралы»
21 июля 2024
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталы арқылы алуды танымал ету.
Ақпарат
21 июля 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы