2025 жылға арналған Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуі бойынша аналитикалық есеп

2025 жылға арналған Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуі бойынша аналитикалық есеп

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылғы 01 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы хабарлайды.

Аталған кезеңде төмендегі мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетілді:

  • Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату – 1

  • Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту – 1

«Е-лицензиялау» порталы арқылы, қызмет түрлері бойынша:

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру – 1

  • Сауда-саттық (аукцион) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 9

ПЭП арқылы:

  • Жер учаскесін алу кезегіне қою – 6

Ақбұлақ ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер сапалы және белгіленген мерзімде көрсетілуде. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ауылдық округ әкімдігінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат орналастырылған стенд қойылған.

Есепті кезеңде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышында «электрондық үкімет» порталы арқылы 90 адам қызмет алды.

Азаматтардың шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшік орнатылған. Әкімдік ғимаратының кіреберісінде персоналды шақыру түймесі бар. Сонымен қатар, eGOV mobile туралы баннер Ақбұлақ ауылы, Орталық көшесі бойында (жол жиегінде) орналастырылған.

Халыққа «электрондық үкімет» порталында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы буклеттер таратылуда. Есепті кезеңде 100 адам қамтылды, сондай-ақ ақпарат Facebook, Instagram және WhatsApp әлеуметтік желі топтарында жарияланып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 февраля 2026