Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық есеп

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2024 жылы қағаз нысанда мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілгенін хабарлайды:

Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту-2

"Е-лицензиялау" порталы арқылы, оның ішінде қызмет түрлері бойынша:

Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу-7

 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-2

ЭҮП арқылы:

Жер учаскесін алуға кезекке қою-5.

      Ауылдық округте мемлекеттік қызметтер сапалы және белгіленген мерзімде көрсетіледі, өткен кезеңде мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

      Ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат бар стенд орналастырылған.

Өткен кезеңде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында "электрондық үкімет" порталы арқылы 12 адам қызмет алды.

Азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған журнал бар. Әкімдік ғимаратының кіреберісінде қызметкерлерді шақыру түймесі орнатылған. Ақбұлақ ауылы Центральная көшесі, жол бойында орналасқан EGOV mobile баннері бар.

      "Электрондық үкімет" порталында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халыққа арналған буклеттер ауылдық округ тұрғындарына таратылады, өткен кезеңде 153 адам қамтылған, ақпарат Facebook әлеуметтік топтарында жарияланады.

Дата публикации
16 января 2025