2021 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты халыққа 6 мемлекеттік қызмет көрсететінін хабарлайды. 2021 жылдың мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
-Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 2;
– жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату - 0;
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 13;
- жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру - 0;
- жер учаскесін алуға кезекке қою – 0;
-жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 0.
Ақбұлақ ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер сапалы көрсетіледі, 2021жылда шағымдар жоқ. Әкім аппаратындағы стендте халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат орналастырылған. Құрылғыда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Шағымдар мен ұсыныстарға арналған журнал бар. Баннер орналастырылған.
Округ әкімі аппаратында тоқсанына 1 рет Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері мен тұрғындар арасында Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізіледі. Бұл әңгіме Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау, есеп беру нысандарын қалыптастыру және толтыру мақсатында өткізіледі."

Дата публикации
07 августа 2024