«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2023 жылы «Е-лицензиялау» порталы арқылы келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілгенін хабарлайды, оның ішінде қызмет түрлері бойынша: сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу -19.
Ауылдық округте мемлекеттік қызметтер сапалы және белгіленген мерзімде көрсетіледі, өткен кезеңде мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Ауылдық округ әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат бар стенд орналастырылған.
Азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған журнал бар. Әкімдік ғимаратының кіреберісінде қызметкерлерді шақыру түймесі орнатылған. Ақбұлақ ауылы Центральная көшесі, жол бойында орналасқан EGOV mobile баннері бар.
«Электрондық үкімет» порталында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халыққа арналған буклеттер ауылдық округ тұрғындарына таратылады, 2023 жылы 172 адам қамтылды, ақпарат Facebook әлеуметтік топтарында жарияланады.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері (соңғы өзгертулермен) әкім аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында орналасқан. Сондай-ақ, электрондық үкімет порталында жұмыс істеу, Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қызмет алушылардың құқықтарына шағымдану бойынша нұсқаулықтар бар.
Мемлекеттік мекемелерде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалған: пандустар бар, Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында шақыру түймесі орнатылған.
Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен Электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша жадынамаларды таратумен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.