2020 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты халыққа 10 мемлекеттік қызмет көрсететінін хабарлайды.
2020 жылы төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

  1. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату – 0;
  2. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 0;
  3. Елді мекенде тұратын және жақын маңда мектеп жоқ балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйіне тегін тасымалдауды ұсыну – 7;
  4. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру – 0;
  5. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 0;
  6. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу – 6;
  7. Жол бойындағы сервистік объектілерді жол жиегі белдеулерінде немесе оларға қол жеткізу үшін кірме жол қажет болатын олардың шегінен тыс орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау – 0;
  8. Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеу арқылы сату – 0;
  9. Жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу – 0;
  10. Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу – 0.

Ақбұлақ ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер сапалы түрде көрсетіледі, 2020 жылы шағымдар тіркелмеген. Әкім аппаратындағы стендте халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпарат орналастырылған. Аппаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Шағымдар мен ұсыныстарға арналған журнал бар. Баннер орналастырылған.

Ауылдық округ әкімінің аппаратында тоқсанына бір рет Ақбұлақ ауылдық округі әкімдігі аппараты қызметкерлері мен тұрғындары арасында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізіледі. Аталған түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау, есеп беру нысандарын қалыптастыру және толтыру мақсатында жүргізіледі.

 

 

Дата публикации
08 мая 2026