Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы

 «Агроөнеркәсіп кешені - даму әлеуеті жоғары  стратегиялық маңызды сала", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осакаров ауданы үшін ауыл шаруашылығы экономика дамуының негізгі салаларының бірі болып табылады.

Соңғы үш жыл арасында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 368 мың гектардан 405 мың гектарға дейін ұлғайды. Өсімі 37 мың гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егістігі 313 мың гектардан 354 мың гектарға дейін (41 мың гектарға) ұлғайды, дәнді-бұршақты дақылдардың егістік көлемі 333 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 13,3 мың гектарға артты.

Майлы дақылдардың көлемі 13,3 мың гектарды құрады ( өсімі 3,5 мың гектарды құрады).

Жыл сайын  көпжылдық ескі шөптердің егісі жаңартылып отырады.

Картоп пен көкөністерді отырғызу алаңы өткен жылдардың  деңгейінде қалуда.

Күрделі климаттық жағдайларға қарамастан, орташа өнімділік бір гектардан 12 центнер - 381 мың тонна дәнді дақылдар жиналды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 37,9 млрд.теңгені құрады (оның ішінде мал шаруашылығы 12,5 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығы – 25,4 млрд. теңге). НКИ 94,1% құрайды.

Біздің аудан Қарағанды облысының ірі астық егетін аймақтарының бірі болғаны жөнінде атап өту қажет.

Облыстың дәнді дақылдардың егіс алқаптарының құрылымындағы ауданның үлес салмағы 38,6% құрайды.

Астық өндіру көлемі бойынша аудан үлесіне 44,5% тиесілі.

Ауданда ауыл шаруашылығы өндірісіне инвестиция салуға аса маңызды назар аудырылады. Жыл сайын материалдық-техникалық база жаңартылып отырады. Отандық және шетелдік өндірістің заманауи жоғары өнімді техникасы сатып алынады. Жыл ішінде 5,6 миллиард теңгеге 198 бірлік техника  сатып алынды.

2020 жылдың астығына - 34 мың тонна дәнді дақылдар себілді, 81 мың гектар сүрі жер өңделді, 20,5 мың гектар алаңға минералды тыңайтқыштар енгізілді, 2,7 мың гектар көпжылдық ескі шөптер жыртылды, 190 мың тонна азықтық дақылдар дайындалды, қыстайтын жерлерге 5 мың тонна сабан жеткізілді.

Біз өзімізді негізгі азық-түлікпен: ет, сүт және көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз етеміз. Ет өндірісі 6,3 мың тоннаны құрады (2018 жылы – 6,0 мың тонна), бұл 2018 жылдың деңгейіне 103,3%   құрайды, сүт өндірісі 3,5%  (42,8 мың тонна), жұмыртқа өндірісі 7,8 млн. дана, 0,2%  (7,8 млн. дана) өсті.

Мал шаруашылығын дамытуға 44 ауыл шаруашылық өндірушілері  қатысады, оның ішінде сүт бағытында 6 шаруашылық, ет бағытында 38 шаруашылық еңбек етеді.

2019 жылға мал басы келесіні құрайды: 31,9 мың бас ірі қара мал, 14,2 мың бас жылқы, 4,5 мың бас шошқа, 31,2 мың құс.

"Етті мал шаруашылығын дамыту" бағдарламасы аясында жобалар жүзеге асырылуда:

  1. «АгроПремиум КZ» ЖШС - Осакаровка кентінде қуаттылығы 3000 бас заманауи сүт-ет мал шаруашылығы фермасын құру және ұйымдастыру. Жобалық құны 3,3 млрд. теңге.
  2. Шідерті ауылындағы «Тайбурыл НК» ЖШС 1000 бас ІҚМ бордақылау алаңының құрылысы аяқталды.

Ет экспорты «АgroExportLTD» ЖШС арқылы жүзеге асырылады. 2019 жылы экспортқа 96,1 тонна ет тапсырылды.

Ауыл шаруашылығының барлық салаларының белсенді дамуы ауданның азық-түлік қауіпсіздігінің негізін құруға мүмкіндік берді.

Алдымен қажетті  өнімдерінің бағасын төмендету үшін Осакаровка және Молодежный кенттерінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі, оған ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары мен тұрғындары, сондай-ақ облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

2019 жылдың басынан бастап Осакаровка және Молодежный кенттерінде, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Теміртау қалаларында 95 жәрмеңке өткізілді, онда 221,3 млн. теңге сомасына өнім сатылды.

Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан мал азығын өндіруді жаңа деңгейге көтеру бойынша жұмысты жалғастыру, жайылымдық және шабындық жерлерді тиімді пайдалануды бастау, ірі қара малдың генетикалық қорын жақсарту, сүт және ет бағытындағы бордақылау алаңдарын ашу бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Барлық қабылданатын шаралар мен көрсетілетін мемлекеттік қолдау агроөнеркәсіптік кешен өнімін шығаруды ұлғайтуға бағытталған.

 Агроөнеркәсіптік кешен өнімін шығаруды ұлғайту үшін мемлекеттік қолдауды толық көлемде пайдалану қажет.

Документы
Новости
Полезные материалы
Округтің ауыл шаруашылығы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы