Ардақты ардагерлер!

Ардақты ардагерлер!

 

Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз, әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.
Сіздер —мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, отансүйгіштіктің, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсiсіздер. Соғыстың қатал мектебiнен, соғыстан кейiнгi құрылыстан өттiңіздер және туған елiмiздiң гүлденуi жолында көп күш-жiгерлерiңізді жұмсадыңыздар.
Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет. Елімізде ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар ауданда да атқарылуда. Аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өмірі өнегелі қарияларға әрдайым құрмет көрсетілуде.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосуда. Сол себепті Сіздерге үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Құрметті ардагерлер ағалар, ақ жаулықты аналар!
Бүгінгі еліміздің алтын қоры, тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сіздерге қарап, кейінгі ұрпақ жетіліп, жаңа заманға сай сол істерді жалғастыруда.
Сіздер әрдайым арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, ауданымызды дамытуда іргелі істерді бірлесе атқаратынымызға сенімім мол.
Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!
Мереке құтты болсын!

Б.Мұқанов
Нұра ауданының әкімі