Халық санағын өткізу үшін қалалар мен аудандарда еңбек шарты бойынша азаматтық қызметшілерді қабылдау туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша депратаменті» РММ (100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, №123 кабинет, электрондық мекенжай: statkrg@aspire.gov.kz) Нұра к. елді мекендерде ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушылардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Жұмыс кезеңі: 2021 жылғы 1 тамыздан бастап 15 қарашаға дейін.
Функционалдық міндеттері: ұлттық халық санағына дайындалу іс-шараларын жүргізу, жаппай түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, санақ персоналын оқыту және жұмысын үйлестіру, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С-2 санаты) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (С-3 санаты) гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары, көрсетілетін қызметтер мамандықтары бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Білу: Қазақстан Республикасының ұлттық санақтарды жүргізу мәселелері жөніндегі заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, еңбек заңнамасының негіздерін.
Іскерліктер мен дағдылар: жұмыста дербес компьютерді (Microsoft Office – Word, Excel, Power point бағдарламаларын білу), планшетті, кеңселік көшіру, аудио және бейне техникасын, жұмыс бойынша электрондық почтамен және Интернеттің түрлі браузерлерінде жұмыс істеу бойынша.
Жеке құзыреттер: көшбасшылық, талдамалық ойлау, кәсіпқойлық, нормативтілік, ықпал ету, жоспарлау және ұйымдастыру, жауапкершілік, нәтижеге бағдарлану, командада жұмыс істеу, ауызша және жазбаша коммуникация, әдептілік нормаларын ұстану, эмпатия, клиентке бағдарлану.
Лауазымдық жалақы
|
Санат |
Мамандық бойынша жұмыс өтіліне байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-2 |
79813 |
94024 |
|
С-3 |
64434 |
71634 |
Конкурсқа қатысу үшін түйіндеме (өтінімдер) (таңдалған елді мекенді көрсете отырып) қоса берілген тізбеге сәйкес Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің электрондық және почталық мекенжайларына қабылданады.
Аумақтық статистика басқармаларының байланыстары
|
|
Аумақтық статистика басқармалары |
Байланыстар |
|
1. |
Нұра ауданының статистика басқармасы |
100900, Нұра кенті, Абай көшесі, 41, 8(721-44) 22-2-87 |