Меню

Страницы

Статья

«Нұра ауданының дене шынықтыру  және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Нұра ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «8» қаңтар

№ 02/02 қаулысының

№13 қосымшасымен бекітілген

 

«Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

 

1.Жалпы ережелелер

 

  1. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Нұра ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  3. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мөрі мен мөртаңбалары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттар болады.
  5. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мекеменің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100900, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті ,Тәуелсіздік көшесі 41 үй.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұра ауданының дене шынықтыру  және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ осы салада нәтижелерге жетуді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады
  2. Міндеттері:

1) дене шынықтыру  және спорт саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

  1. Функциялары:

1) дене шынықтыру  және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады;

2) спорттың әр түрі бойынша аудандық жарыстар өткізеді;

3) спорттың әр түрі бойынша аудандық құрама командаларды дайындау мен олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарында өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдайды;

5) спорттық разрядтар мен санаттарды береді: екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар,  біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы , біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі  спорттық разрядтары мен санаттары;

6) аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

7) Нұра ауданының аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

8) Нұра ауданының аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

9) Нұра ауданы бойынша дене шынықтыру  мен спортты дамыту туралы мәліметтерді талдап, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға табыс етеді;

10) «Нұра ауданының дене шынықтыру  және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына енетін мәселе бойынша аудан әкімінің, әкімдіктің және жетекшілік жасайтын лауазымды тұлғаның тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

11) дене шынықтыру  және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

12) ауданның бұқаралық-спорттық іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың басым бөлігін дене шынықтыру  және спортпен шұғылдануға тарту бойынша ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста бөлімнің мүдделерін ұсыну;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

5) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқұқтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

                                 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда «Нұра ауданының дене шынықтыру  және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

2) «Нұра ауданының дене шынықтыру  және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;

3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

5) бөлімнің қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

6) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Нұра ауданының дене шынықтыру  және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерінін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығына жекеменшілік мүлікке ие болуы құқылы.

«Нұра ауданының дене шынықтыру  және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
07 июня 2021
Дата обновления
07 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы