Нұра ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 02/02 қаулысының № 9
қосымшасына сәйкес
БЕКІТІЛГЕН
«Нұра ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономикалық дамудың мемлекеттік саясатын жүргізу, бюджеттік жоспарлау және аудандық бюджетті орындау, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншікті басқару үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес іске асырады.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, елтаңбалы мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланктері, сонымен қатар заңнамаларға сәйкес қазынашылық органдарда есепшоты бар.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жағы болып шығуға құқығы бар.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымымен штат санының лимиты Нұра ауданының әкімдігімен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітіледі.
- Заңды түлғаның орналасқан жері- 100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Талжанов көшесі,9
- Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Государственное учреждение «Отдел экономики и финансов Нуринского района».
- Осы Ереже «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асарылады.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен Нұра ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемелекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетттің кірісіне жіберіледі.
- 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы:
- экономикалық саясатты дамыту мен қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру, аудандық бюджетті орындау және ауданның коммуналдық меншігін басқару.
14.Міндеттер:
- әлеуметтік – экономикалық дамуындағы негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен бюджеттік саясаттың басымдығын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру шегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық реформасын жузеге асыру және ауданның даму жоспарын, оның орындалуын бақылауды үйлестіру;
- аудандық бюджеттің орындалу мен жоспарлауын ұйымдастрыруды, аудан бюджетін жоспарлау мен орындалу бойынша бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
- бюджеттік есепті жүргізу және аудандық бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік есепті құру;
- аудан бюджетің жоспарлау және орындау бойынша бюджеттік заңнамалық актілерінің сақталауын қамтамасыз ету;
- ауданның әлеуметтік-экономикалық сараптамасын жүргізу, сандай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін дайындау;
- бюджеттік бағдарлама әкімшілігін кесімінде бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстар жасау;
- мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу;
- ауданның коммуналдық меншігін басқару;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер жүзеге асыру.
15.Функциялары:
- әлеуметтік –экономикалық даму болжамын, бюджеттік параметрлерді және басым бюджеттік инвестиция тізбесін дайындау;
- аудан аймақтарының даму Бағдарламасының жобасын әзірлеу;
- ауданның даму Бағдарламасының жүзеге асырылу мониторингін және бағалауын жүргізу;
- стратегиялық құжаттарға, бюджеттік параметрлерді және басым бюджеттік инвестиция тізбесін дайындау;
- кезенді жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджет жобасын әзірлеу, оның бекітілуі, нақтылануы кезінде аудандық бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;
- аудандық бюджет туралы, аудандық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын әзірлеу;
- ауданның бюджеттік комиссиясының жұмыс органның функцияларын жүзеге асыру;
- стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету және жузеге асыру бағыты бойынша атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау және үйлестіру;
- аудандық бюджеттің орындалуын ұйымдастрыру жұмысы;
- бюджеттің орындалу көрсеткіштерін талдау,қадағалау, жүйелі түрде жинақтау жолымен бюджеттік мониторинг жүргізу;
- міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына, төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер еңгізу және құру, бекіту, жүргізу
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртіппен сәйкес аудан әкімдігінің резервтік қаражатының бөлуін қарастыруға өтініш жасайды;
- бюджеттік қаражат есебінен берілген бюджеттік кредиттерді тіркеуін, оның есебін және мониторингін жасауды жүзеге асырады;
- бухгалтерлік есептің жүргізілуін және аудандық бюджеттің орындалуы бойынша есеп беруды қамтамасыз етеді;
- аудандық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат айналымының мониторингін жүргізу;
- бюджеттік қаржыны басқару бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін бағалауын жыл сайын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету;
- үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің жобасын қалыптастыру;
- жергілікті бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер түсімдерін талдау және мониторинг жүргізу;
- салық салу базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу;
- ауылдық округтерге жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру үшін салықтардың нақты түсімдері бойынша есеп жүргізу;
- бөлімнің мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
- мемлекеттік сатып алу процесінің мониторингін және мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы ұсынылатын есеп беруді жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
- аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
- аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;
- аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға осыған уәкілеттік береді;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
- аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
- аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі;
- аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
- аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
- аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
- сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жұктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16.Құқықтары мен міндеттері:
- аудан әкімдігене мақсаттар бойынша, аудан дамуының бастапқылық және стратегиясы, кәсіпорындар мен ұйымдарды реформалау бойынша ұсыныс беру;
- бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін мемлекеттік мекемелерден, жеке тұлғалардан және басқа да ұйымдардан белгіленген заңнамалар шеңберінде ақпарат сұрайды және алады;
- мемлекеттік мекемелер тапсыратын есептерді тексеру жүргізеді;
- өзінің құзыреті шегінде міндетті түрде орындау үшін нүсқаулықтар береді;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жылдық сомаларды қоса алғанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- кәсіпорындардың қаржылық жағдайының талдаун жүзеге асыру, оларды қайта ұйымдастыру, қаржылық сауықтыру, санация, банкроттық бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
- жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің қаржы - шаруашылық қызметін бақылау жүргізу, государственных учреждений, финансируемых из местного бюджета, сондай-ақ, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар - жергілікті бюджеттік бағдарламалар орындаушылар, ауданның коммуналдық меншікке жататын тауарлық-материалдық құндылықтарды және мүлік сақталуы бойынша бақылау;
- бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелері бойынша шешімдері мен әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысу;
- мемлекеттік меншікті жекешелендіру үдерісіне қатысу;
- жергілікті бюджеттің орындалуы туралы мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін бақылауды жүзеге асыру, жергілікті бюджеттен берілген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, оның ішенде несиелерді, сондай-ақ кәсіпорындар үлесінің таза табысын жергілікті бюджетке толық және уақтылы аударымдарын бақылау;
- жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық есептілігін бақылауды жүзеге асыруға;
- ақшалай қаражатты даусыз тәртіппен бюджетке қайтарып алу, сондай-ақ жоғары тұрған бюджетке нысаналы трансферттердің қаржы жылы пайдаланылмаған кері қайтарып алу;
- құпиялылық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақталуын ескере отырып жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысуға;
- мемлекеттік сатып алу тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді орындалу мониторингін жүзеге асыру;
- ауданның жергілікті атқарушы органының қарауына алдағы қаржы жылына арналған аудан бюджетінің жобасын ұсыну;
- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау, оларды бағалау және тиісті қорытынды дайындау;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүктелген басқа да құқықтар.
- 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.
- “Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемелекеттік мекемесіне басшылық жасауды “Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемелекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
- “Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемелекеттік мекемесінің бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- “Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемелекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары болады, Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде қызметке қабылданады және қызметтен босатылады.
- “Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемелекеттік мекемесінің бірінші басшысы:
1)мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2)өзіне берілген өкілеттік аясында заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерін қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге жеке дербес жауапты;
3)мекеме орынбасары мен мамандарының міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеме қызметшілерін қызметке тағайындайды және босатады.
5)заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6)қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;
7)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
“Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін оның орынбасары орындайды.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлкі (ақшалай кірістері қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
- Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Нұра ауданының экономика
және қаржы бөлімінің басшысы: М.Мухамеджанова