Меню

Страницы

Статья

«Нұра ауданының құрылыс бөлімі » мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Нұра ауданы әкімдігінің

2018 жылғы 08 қаңтардағы

№ 02/02 қаулысымен 

БЕКІТІЛДІ

«Нұра ауданының құрылыс бөлімі»

№9 косымша

 

«Нұра ауданының құрылыс бөлімі »

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.«Нұра ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме), құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.Мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100900, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра  кенті, Мынбаев көшесі, 44.

9.Мемлекеттік органның толық атауы – «Нұра ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

10.Осы Ереже мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11.Мекеме қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттерінен.

12.Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттердіорындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мекеменің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісі нежі беріледі.

 

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

13.Миссиясы: Аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу және мемлекеттік құрылыс шеңбер арасында бағдарламаларын жасау.

14.Міндеттері: Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері өз құзырының аясында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

  1. Функциялары:

1)аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізеді;

2)қызметтерін үйлестіреді, құрылыс үрдісіне әдестемілік және оперативтік басшылық жасайды;

3)бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын іске асыруды қадағалайды;

4)жоболарды мемлекеттік сараптау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық, және жеке мүделлерін қорғау мәселелері бойынша инспекциялаудың  аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет жасайды;

5)Нұра ауданының коммуналдық меншік объектілерінің құрылысы мен қайта құрылымы бойынша тапсырыс берушілер қызметін орындайды;

6)жобалау ұйымдары инспекциялары құрылымдары арасындағы өзара әрекет етуді ұйымдастырады;

7)құрылысты, қайта салуды, жаңартуды, күрделі жөндеуді жобалау мәселелерін реттейтін құрылыстық нормаларды, ережелер мен мемлекеттік стандарттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

8)заңмен белгіленген тәртіпте, тұрғын үй- коммуналдық, коммуналдық, өндірістік және өндірістік емес маңыздағы құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастырады және оған қатысады;

9)мемлекеттік тұрғын үй саясатының негізгі қағидаларын халыққа түсіндіру мен кеңес беруді іске асырады;

10)бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес, құрылыс және қайта жаңарту объектілері бойынша конкурстар ұйымдастыру, жүргізу және мекеме бюджеттік бағдарламалар әкімгері болып табылатын орталық көздерден қаржыландырылатын жобалау, құрылыс, қайта жаңарту, ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу, тұрмыстық-коммуналдық маңыздағы объектіні сатып алу бойынша өткізілген конкурстар бойынша деректер мониторингін жүзеге асырады;

11)мемлекеттік мекемені күтіп ұстау қызметтерін сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырады және өткізеді;

12)ауданның елді мекендерін сумен қамтуды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асырады.

16.Құқықтары мен міндеттері:

1)қажетті жағдайларда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, жоба-сметалық құжаттарды сараптауға, құрылыс материалдарының, конструкциялар мен детальдардың сапасын анықтау бойынша сынау және зерттеу жұмыстарына рұқсат беретін лицензия талап етуге;

2)кәсіпорындардың қолданыстағы техникалық нұсқаулықтарды бұзып орындап жүрген топографиалық-геодезиялық және инженерлік-геологиалық жұмыстар өндірісін тоқтату туралы жарлық етуге;

3)құрылыс объектілерінде апаттың туындау себебін зерттеуге қатысуға;

4)пайдаланымға енгізілген объектілерді қабылдау жөніндегі комиссияға қатысуға;

5)аудан аумағындағы сәулет-құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне меншік түріне, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан міндетті болып табылатын аумақтарды көркейтуге, көгалдандыруға, құрылыс жүргізуге, тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша өз кұзіретінің шегінде шешім қабылдауға;

6)ауданда жаңа тұрғын үй, қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру бөлімінде, күрделі құрылыс базаларын дамытуда эконоикалық-элеуметтік жоспарларды эзірлеуге және келісуге қатысуға;

7)белгіленген құрылыс қызметтері саласында мемлекеттік нормотивтік талаптарда, жағдайларда және шектеуде, заңнама нормаларынан ауытқу және бұзушылық жіберулеріне байланысты бұзушыларға қарастырылған заңнама шараларын қолдану туралы өкілетті органдарға ақпарат беруге;

8)аудан аумағында пайдаланымға енгізілген объектілерді қабылдауға қатысуға;

9)бекітілген құжаттамаға сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруды қадағалауды ұйымдастыруға;

10)бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға құқылы.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17.Мекеме басшылықты мекеміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18.Мекеме бірінші басшысын мекемені қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19.Мекеме бірінші басшысы жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.

20.Мекеме бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мекеме мамандарының міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңнамаға сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады

3)сенімхаттар береді;

4)мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

5)заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза  қолданады;

6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;

7)заңнамаға сәйкес басқа да өкіллеттіктерді жүзеге асырады.

Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

21.Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22.Мекеме бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және қысқарту

 

24.Мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

       Бөлім басшысының  м.а.                                       К.Акмагамбетов

Дата публикации
07 июня 2021
Дата обновления
07 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы