Меню

Страницы

Статья

«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Нұра ауданы әкімдігінің

2018 жылғы « 02 » тамыздағы

№  22/10қаулысының

косымшасы

 

«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіаудандық агроөнеркәсіптік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомоствалары жоқ.

  1. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5.«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қатынастарға өз атынан түседі.

  1. 6. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтыққатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  2. 7. «Нұраауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіөз құзыретінің мәселелерібойынша заңнамада белгіленген тәртіппен«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарыменжәне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  3. 8. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  4. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100900,Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, С.Сейфуллин көшесі, 34 үй.
  5. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесі.
  6. 11. Осы Ереже «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесініңқұрылтай құжатыболып табылады.

12.«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыружергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

  1. 13. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінекәсіпкерлік субьектілерімен «Нұра ауданыныңауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесініңфункциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттыққатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесінезаңнамалық актілермен кірістерәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісінежіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. 14. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесінінмиссиясыауданның агроөнеркәсiптiк кешенiн және ауыл шаруашылықты дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру болып табылады.

15.Міндеттері:

«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру болып табылады.

  1. 16. Функциялары:

1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн заңнамаға сәйкес және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

4) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;

5) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) есептілік ұсыну;

6)тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретіншассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін,сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардыжүргізу құқығына куәліктер беру;

7)тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бартiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiненжүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысмашиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгiжоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігітуралы ақпарат ұсыну;

8)тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретіншассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бартіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігіненжүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысымашиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігіжоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалықбайқаудан өткізу;

9)тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігіненжүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығыбар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің,өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік жәнежол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өтумүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу жәнемемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардысенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;

11)тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бартiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiненжүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысмашиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігіжоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн береотырып, тiркеу, қайта тiркеу;

12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне мемлекеттік бақылау жүргізу;

13) жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізу;

14) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларының орындалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізу.

15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста бөлімнің мүдделерін ұсыну;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

5) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

6) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;

7) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар жобасын дайындау;

8) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, нысаналы мақсатын өзгертуге, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;

9) Қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;

10) Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;

11) Мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

13) Жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға мiндеттi;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

 

  1. Мемлекеттік органныңқызметін ұйымдастыру

 

  1. 18. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. 19. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесінін бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. 20. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесінін бірінші басшысыныңөкілеттігі:

1) Мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн бiлдiредi;

2) «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;

3) Қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

4) Қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

5) Бөлімнің қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

6) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды өз құзырында пайдалану;

7) Оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында жекеменшік мүлікке ие болуы құқылы.

«Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
07 июня 2021
Дата обновления
07 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы