Нұра ауданының әкімдігінің
2018 жылғы «08» қаңтар
№02/02 қаулысымен
өзгерістер енгізіліп
БЕКІТІЛГЕН
Нұра ауданының әкімдігінің
2006 жылғы «06» қаңтар
№02/02 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1.Жалпы ережелер
1.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.Бөлімнің құрылтайшысы Нұра ауданы әкімдігі болып табылады.
5.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтыққатынастарға өз атынан түседі.
6.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, С. Сейфуллин көшесі, 34 үй, индексі 100900.
10.Мемлекеттік органның толық атауы - "Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11.Осы Ереже «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Нұра ауданының жер қатынастары бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттердіорындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан көлемінде жер қатынастарын реттеу саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
15.Міндеттері:
1) ауданның жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
2) ауданның жер пайдалану жүйесінің жұмыс істеуін мемлекеттік қамтамасыз ету және оның қоғамдық қажеттілігіне қарай өзгеруіне сәйкес әлеуметтік қорғау және жаңа әлеуметтік-экономикалық талаптармен оны дамыту;
3) жерге орналастыру бойынша іс-шараларды жасау және жүзеге асыру, жер ресурстарын басқару бойынша жұмыстарды іске асыру және ұйымдастыру.
16.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі нің функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру;
2) жер учаскелерін беру және олардың мақсаттық тағайындауын өзгерту жөнінде аудандық жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің ұсынысын және жобаларын дайындау;
3) барлау және қойнауларды мемлекеттік геологиялық зерделеуге байланысты, қойнауларды пайдалану мақсаты үшін жер учаскелерін беру бойынша аудандық атқарушы органдар шешімдерінің ұсынысын және жобаларын дайындау;
4) мемлекеттік қажеттіліктері үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу жөнінде ұсыныстар дайындау;
5) жер учаскелерінің бөлінуі және бөлінбейтіндігі туралы анықтамалар беру;
6) мемлекеттің жеке меншігіне сатылатын, жер учаскелерінің нақты бағаларын (бағалық) кадастрын бекіту;
7) жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту және жерге орналастыру жүргізу;
8) аудандағы жерлерді тиімді пайдалану бойынша сызбасын және жобасын, бағдарламаларды және жерді аймақтарға бөлу жобаларын дайындауды ұйымдастыру;
9) елді мекендердің белгіленген шекарасында жер-шаруашылығын құру жобасын дайындауды ұйымдастыру;
10) жер сауда өткізуін ұйымдастыру (сайыстар, аукциондар);
11) жерді қорғауға және пайдалануға қатысты мәселелерге, сызба және жобаларға, аудандық бағдарламаларға сараптама жүргізу;
12) аудан жерлеріне баланс құру;
13) жер пайдалану және жер учаскелерінің иелері сонымен қатар басқа да жер құқықтық қатынастар субъектілеріне есеп жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы бағытындағы жер учаскелеріне құжаттарын беру;
15) уақытша өтеусіз жер пайдалану және жер учаскелерін жалға алу келісімін және сатып алу-сату келісімін жасау және жасалған келісімнің талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16) ауыл шаруашылығы өңірлерін бір түрден екінші түрге аудару бойынша ұсыныс дайындау;
17) резервте сақтау бойынша ұсыныс дайындау;
18) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға аудандық жергілікті атқарушы органдарының руқсатын беру үшін ұсыныс дайындау;
19) Қазақстан Республикасы үкіметінің бекітілген қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бойынша қызмет көрсету:
- «Мемлекеттің жеке меншігіне сатылатын, жер учаскелерінің нақты бағаларын (бағалық) кадастрын бекіту»;
- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
- «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру».
20) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
17.Құқықтары мен міндеттері:
1)мелекеттік мекемеге жүктелген функцияларды орындау үшін мемлекетік мекемелерінен, жеке тұлғалардан және басқа да ұйымдардан белгіленген заңнамалармен ақпарат сұрайды және алады;
2)Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзінің құзырының негізінде басқада құқықтарды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құрудың мақсатында жауап бермейтін қызметпен айналасуға құқығы жоқ.
«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Ресупбликасының заңын сақтауға міндетті, сонымен қатар жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау қажет.
3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
19.Бөлім басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;
3) «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне белгіленген заңнамаға сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
4) Бөлім басшысы өз құзыретіне сәйкес «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтік мәселелерін жүзеге асырады;
5) Күші бар заңнамаға сәйкес, атқарушы органдарда және ұйымдарда бөлім ұсыныс етеді;
6) «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар мен нұсқаулар береді;
7) «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза және мадақтау қолданады;
8) Жемқорлыққа қарсы дербес жауапкершілігін атқарады және өз өкілеттігіне сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындалуын қамтамасыз етуін талап етеді;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген басқада қызметтерді жүзеге асырады.
Бөлім бастығы болмаған жағдайда оның міндеттерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орынбасары, бөлімнің бас маманы жүзеге асырады.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
21.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
23.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі,өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24.«Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.