Меню

Страницы

Статья

«Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Нұра ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «8» қаңтардағы

№ 02/02 қаулысына

2-қосымшасымен бекітілген

«Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

1.Жалпы ережелер

1.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлеметтік мекемесі халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ведомстволық бағынысында «Қарағанды облысыНұра ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.

3.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы бар мемлекеттік тілде мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

5.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық кестесі Нұра ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100900, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Абай көшесі, 48 үй.

10.Мемлекеттік органның толық атауы – «Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11.Осы Ереже «Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15.Міндеттері:

1) халықты тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

2) халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау;

3) мүгедектердің, ардагерлер мен жалғыз басты қарттардың өмір сүру сапасын жоғарылату және оларға әлеуметтік қолдау көрсету;

4) халыққа ұсынылатын  мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қолданылатын нормативті-құқытық базасын жетілдіру.;

5) әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту.

16.Функциялары:

1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орта мерзімді әлеуметтік бағдарламалар мен нормативтік-құқықтық  актілердің жобаларын әзірлеу және іске асыру;

2)аудандағы ұжымдық-шарттық қатынастарды үйлестіру. Барлық меншік нысандарындағы ұйымдар мен кәсіпорындармен әлеуметтік әріптестік жөніндегі жұмыстар жүргізу. Әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған аудандық үш жақты комиссия жұмысына қатысу;

3) жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын әзірлеу;

4) ауданға көшіп келген оралмандарды орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Тарихи отанына оралған оралмандардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу

5)қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге құжаттарды қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

6)Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, және басқа да оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен артықшылықтар қолдану,  материалдық және тұрмыстық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

7)жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету;

8)қолданыстағы заңнамаларға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;

9)мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз ету;

10)Сот шешімінің негізінде кәмелетке толған қабілетсіз ересек азаматтарға қамқоршы бекіту және белгілеу үшін құжаттарды қабылдауды және әзірлеу;

11)халыққа әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде бірыңғай ақпараттық технологияларды енгізу, ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құру;

12)сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету;

13)«Қарағанды облысыНұра ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын үйлестіру;

14) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

17.Құқықтары мен міндеттері:

1) мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекетік органдардан, өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұрау және алу;

2) өз құзіреттілігі шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

5) ұсынылатын мемлекеттік қызмет стандарттарының қол жетімділігін және мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етеді;

6)өз құзыретi шегiнде бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, белгiленген мерзiмде азаматтардың ұсыныстары, арыздары, хаттары, шағымдары және өзге де өтiнiштердi қарайды.

18.«Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:

1.Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

2.Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

3. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

4.Мүгедектерге кресло-арбалар беру;

5.Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

6.Үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу;

7. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

8.Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

9.Жаңа форматтағы мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау;

10.Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

11.Ауылдық елді-мекенде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау

12.Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу;

13.Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

14.Тұрғын үй көмегін тағайындау.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

20.«Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21.«Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі:

1) «Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын, сонымен қатар оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлейді және аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады ;

2) «Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;

3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

4) бөлім басшысы бөлім басшысының орынбасары мен сектор меңгерушісін қызметке тағайындау және қызметтен босатуды заңнамаға сәйкес атқарады;

5) бөлімнің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесін басқаратын меңгерушісін бұйрықпен тағайындайды. Бөлімше меңгерушісі басшылықты жүзеге асырады, өмірлік қиың жағдайда қалған және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедек азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Бөлімшенің қызметін ағымдағы және болжалды жоспарлауды ұйымдастырады, оның орындалуын бақылайды. Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерді және мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеуші отбасылардың материалдық-тұрмыстық жағдайын тексереді, қажеттіліктілігіне қарай әлеуметтік көмек нысандарын айқындайды. Бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қадағалайды. Ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептердің, статистикалық мәліметтердің дұрыстығы мен сапалы болуын қамтамасыз етеді.

6)бөлімі қызметкерлеріне орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

7)қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

8)оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25.«Қарағанды облысыНұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата публикации
07 июня 2021
Дата обновления
07 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы