Құрметті салымшылар (алушылар)!
Осы хабарлама арқылы Сізге Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарына пайдалану қағидаларына сәйкес біржолғы төлемдерді алып қою туралы өтінішті уәкілетті оператор қабылдайтынын хабарлаймыз, бұл ретте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келесі функцияларды жүзеге асырады:
- зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді;
- салымшының/ алушының өтініміне сәйкес уәкілетті оператор сұратқан зейнетақы жинақтарының сомасын уақтылы аударуды жүзеге асырады.
Сіз жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері және «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерін алу үшін қашықтан ілеспе қызмет көрсетуге қатысты:
1) келесі:
- ______________________;
- ______________________;
- ______________________ нөмірлер бойынша телефон байланысы көмегімен жүгіну арқылы;
2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың Байланыс орталығына жүгіну арқылы;
3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша Whats app-тағы чат-бот, Viber, Facebook, ВКонтакте арқылы;
4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші арқылы;
5) enpf@enpf.kz электрондық поштасына өтінішті жолдау арқылы;
6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы кеңес ала аласыз.
Бұған қосымша, ENPF мобильдік қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналасқан Жеке кабинет арқылы Қор қызметтерін онлайн түрінде алуға болады.
Түсінгеніңіз үшін рақмет!